Главная Новости Газ – сапалы, қысым – тұрақты. Алматы өңірінде газ тапшылығы болмайды
06 қаңтар 2021, 11:51 1729

Газ – сапалы, қысым – тұрақты. Алматы өңірінде газ тапшылығы болмайды

Газ – сапалы, қысым – тұрақты. Алматы өңірінде газ тапшылығы болмайды

«Ұзынағаш» газ өлшеу торабын қайта жарақтандыру – табиғи газбен Алматы және Алматы облысының тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының қажеттілігін үздіксіз және барынша толықтай қанағаттандыруды қамтамасыз етудің төте жолы.

Өлшеу торабы Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясының аумағында орналасқан және газды механикалық қоспалардан тазарту, газ шығынын есепке алу, табиғи газдың жоғары қысымын (max9,81МПа) жобалық қысым 5,4 МПа дейін төмендету тәрізді технологиялық жабдықтар кешені кіреді.

«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Алматы» магистралдық газ құбырлары басқармасының желілік-өндірістік басқарма бастығы Нұржан Жолдасбековтың айтуынша, газ өлшеу торабын қайта құрғаннан кейін оның құрамдас бөліктерінің қуаты артқан. Сонымен, газды есепке алу торабының өнімділігі енді екі есеге артып жылына 10,5 млрд текше метрді құрайды. 

Бұл БГР-ТБА – «Бұхара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» магистралды газ құбыры Алматы қаласы, Алматы облысымен қоса жалпы оңтүстік өңірді Бұхара газды ауданынан шыққан көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Дегенмен, күн суытқан кезде Өзбекстан мемлекеті газдың көлемін шектейді. Өйткені қысқы маусымда көршілерміз бірінші кезекте ішкі сұранысты қамтамасыз етеді. Өздерінен артылған газ ғана сыртқа нарыққа шығады. Сондықтан бұрын қыста газ тұтыну көлемі ұлғайған кезде Алматы, Алматы облысымен қоса оңтүстік аймақ көгілдір отын тапшылығын сезінетін еді.

«2010 жылы іске қосылған осы құбырлар арасын жалғайтын кешен арқылы облыста көгілдір отын тапшылығы жойыла бастады деуге болады. Оғанға дейінгі елдің жағдайын өздеріңіз білесіздер. Бір ғана үйді газға қосу үшін де біз газдың жылдық тұтыну көлемін ұлғайта алмайтын едік. Қазір халыққа қанша газ керек болса, сонша газ бере аламыз. Бұл құрылғының маңыздылығы да сонда, ол магистралдық газ құбырымен келген лас газды тазартып, есептейді және қажетті, жұмысқа жарамды қысымды реттейді», – дейді Нұржан Жолдасбеков.

Бұл жерде «Қазақстан-Қытай» газ құбырынан алынған көгілдір отын Алматы облысына есептеліп, таратылады. Мұнан да бөлек, газбен үздіксіз қамтамасыз ететін негізгі бағыттарда төтенше жағдай орын алатындай болса, бұл торап баламалы көгілдір отын көзі ретінде «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбырын пайдалануға мүмкіндік береді.

Ел көлемінде ірі газ құбырларын өзара жалғайтын осы тәріздес 3 жалғастырғыш торап бар. Атап айтқанда ТІР-01, ТІР-02 Жамбыл облысындағы Ақыртөбе газ сақтау қоймасы мен Түркістан облысының Ақбұлақ поселкесінің маңында  орналасқан. 2011 жылы пайдалануға берілген бұл тораптардың құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, Алматы еліміздің ең үлкен мегаполисі болғандықтан, сәйкесінше көгілдір отынды тұтыну көлемі жылдан жылға артып келе жатқаны белгілі. Осы сұранысқа орай, келешекте ТІР-04 жалғастырғышын Алматы қаласы маңында салу жоспары бар. Оның үстіне Алматыдағы көмір пайдаланатын 2-ЖЭО алдағы уақытта газға көшетін болса, осындай құрылғы, яғни бөлек торап салу қажеттігі сөзсіз туындайды.

Мамандар алдағы уақытта «ҚазТрансГаз» АҚ мен Энергетика басқармасы өзара мәмілені пысықтап, жетілдіріп, жоба басталар кезде газдың тұтыну көлемін анықтау қажет болатындығын алға тартады. Сол кезде осындай торап, жалғастырғыш салынып, ол «Қазақстан-Қытай» магистралдық газ құбырына жалғануы тиіс.

Тұрақты және үздіксіз газ жеткізуді қамтамасыз ету – ұлттық оператор қызметіндегі абзал міндет. Ел көлемінде газ тапшылығын болдырмау мақсатын көздейтін және тұтынушыларға газ жеткізудің баламалы жолдарын ұйымдастыру мәселелері де сәтті шешіліп келеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: