Главная Новости Геологтар - мұнай саласының маңызды мамандары
05 сәуір 2024, 17:46 489

Геологтар - мұнай саласының маңызды мамандары

Геологтар - мұнай саласының маңызды мамандары

Олар жерасты байлықтарын зерттей отырып, өзін ғылымға, көпжылдық ізденістерге арнаған мамандар. Олар жиған білімі мен тәжірибесін пайдалы қазбалардың жаңа шоғырын ашуға жұмсаудан жалықпайтын еңбекқор жұмысшылар. Геологтар жер қабаттарын жетік меңгерген мәртебелі мамандық иелері.

Сәуірдің алғашқы жексенбісінде геологтардың кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бозашы түбегінің қойнауына жасырынған қара алтынды өндіруде елеулі үлесі бар «Қаражанбасмұнай» АҚ Геология және игеру департаментінің мамандары кен орнын алғашқы ашушылардың игі дәстүрлерін абыроймен жалғастырып келеді.

Кен орнында және орталық кеңседе жұмыс істейтін геологтардың берік әріптестік қарым-қатынасы арқасында былтыр компанияда ауқымды істер атқарылды. Нақтырақ айтсақ, ҚР Мемлекеттік қорлар комитеті отырысында «Қаражанбас кен орны мұнай қорларының өсуі» есебі қабылданып, геологиялық қор мен алынатын қорлар көлемі ұлғайды. Ұңғымаларды тұз қышқылымен өңдеу әдісімен жасалған жұмыстар оң нәтиже берді.

Ал биыл кен орнының жағалау бөлігіндегі аумаққа 3D және кенорынның ұзындығына 2D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу, тау-кен учаскесінің тереңдігін 550м-ге ұлғайту жоспарланып отыр.

Мұнай саласының маңызды мамандары жоғары өндірістік көрсеткіштерге жету жолында әлі де табандылық пен еңбекқорлық танытып, биік белестерді бағындыруға дайын.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: