Главная Новости Жабдықтарды жөндеу – жауапты іс
15 сәуір 2022, 13:50 1955

Жабдықтарды жөндеу – жауапты іс

Жабдықтарды жөндеу – жауапты іс

Қаражанбаста алғаш мұнай фонтаны атқылаған күннен дәл қазірге дейін өндірістік процесс бір сәтке дамылдаған емес. Компания игілігі үшін мыңдаған мұнайшы мен түрлі цехтар жұмыла жұмыс істеп, ел ырысын еселеп келеді. Жабдықтарды жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысатын цехтің де өндірісте өзіндік орны бар.

Жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехы білікті мамандар мен сапалы жұмыс үйлесім тапқан маңызды цехтардың бірі. Ол дәнекерлеу-монтаждау және жөндеу учаскелерінен тұрады. Мұнда темірден түйін түйген дәнекерлеушілер, білікті слесарь-жөндеушілер, қабілетті құрастырушылар мен тәжірибелі токарьлар, екі вахта ауысымында барлығы 250-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Мамандар түрлі цехтардан түскен тапсырыстар бойынша жабдықтарды құрастырып, жөндеп, дәнекерлеумен айналысады.

Александр Костюк аталмыш цехта 20 жылдан астам уақыттан дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Ол осы уақыт ішінде мыңдаған металды біріктіріп, білімі мен тәжірибесін шыңдаған. Алтыншы дәрежелі дәнекерлеуші Қаражанбаста ұйымдастырылатын «Үздік маман» сайысының алғашқы жеңімпаздарының бірі. Жұмысшы мықтылығын аймақтық байқауларда да дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінген. Александр бүгінде жас буынға ағалық ақылын айтып, дәнекерлеудің қыр-сырын меңгертіп келеді.

«Біз арнайы алаңда да, ашық аспан астында да дәнекерлеу жұмыстарымен айналысамыз. Қолайсыз күн райын елемей, уақытпен санаспай еңбек ету арқасында, жұмыстың үздіксіз жүруіне үлесімізді қосып келеміз. Қызметім өзіме ұнайды. Жұмысымыз қырағылық пен ептілікті талап етеді. Оған қоса қауіпсіздік техникасын сақтау аса маңызды», – дейді Александр.

Токарьлар күн сайын жұмыс ғимаратында қажетті жабдықтарды жонумен айналысса, 24 дәнекерлеу агрегаты кен орнының түрлі аумақтарында жұмыс істейді. Бұдан бөлек цех жұмысшыларының көбі мұнай тасымалдауға арналған шыны талшықтарды құрастыру мен жалғауға жұмылдырылған. ЖПжИЖЦ-ның жалпы жұмыс өнімділігі – цехтардан келіп түскен тапсырысқа тікелей байланысты.

«Цех мамандарының кәсібилігі арқасында жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеміз. Жұмысшылар өз істерімен еркін айналысу үшін барлық қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілген. Былтыр цех аумағындағы жұмысшылардың санитарлық бөлмесі жөндеуден өткізілді. Еңбек жағдайлары жақсарған сайын жұмыс өнімділігі мен нәтиже де жақсара түседі», – дейді дәнекерлеу-монтаждау учаскесінің басшысы Берді Өтебай.

Цех ұжымының мақсаты берік, бағыты айқын. Ал дәнекерлеушілер мен слесарь-жөндеушілер өндіріс алаңдарында құстай ұшып, қарлығаш көмегін көрсетуге қашан да дайын. Өзара ынтымақтастық пен нәтижеге талпыну - Қаражанбастың қарыштап дамуының кілті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: