Главная Новости Жақашев әулеті – мұнайшылар династиясының жарқын үлгісі
21 шілде 2023, 10:42 2286

Жақашев әулеті – мұнайшылар династиясының жарқын үлгісі

Жақашев әулеті – мұнайшылар династиясының жарқын үлгісі

Қазақ мұнайының 120 жылдан асқан тарихында қалыптасқан мұнайшылар әулеті аз емес. Солардың бірі Дүйсен Бүркітұлы Жақашевтың әулеті. Оның ұлдары ғана емес, олардан тараған ұрпақтары да мұнай саласында қызмет етіп келеді.  

Дүйсен Жақашев көп жылдар бойы мұнай саласында қызмет етіп, «Мақатнефть» мұнай-газ өндіру басқармасында Партиялық комитетті (Портком) басқарған. Сонымен қатар, Кәсіподақ төрағасы болып қызмет етті. Ұлдары Тәңірберген, Ғалым, Марат та мұнай саласында қызмет атқарған.

Тәңірберген Дүйсенов бүкіл еңбек жолын мұнай саласына арнап, «Мақатмұнайгаз» басқармасы бастығы, «Доссормұнайгаз» басқармасында басшылық қызметтерін атқарды. Ғалым Жақаш та бүкіл еңбек жолында мұнайшы қызметін атқарып, «Қайнармұнайгаз» басқармасы бастығы, «Құлсарымұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» басқармаларында басшылық лауазымдарды атқарған.

Қазіргі таңда, Тәңірберген Дүйсеновтің ұлдары Рафиль, Ғизат, Ияр мұнайшы мамандығын таңдап, мұнай саласында абыройлы қызмет етіп жүр.

Ғалым мен Марат Жақаштың ұл-қыздары да Дарина, Ғаниет, Дияр, Жігер, Әділет, Гүлдана еліміздің ірі мұнай өндіру мекемелерінде еселі еңбек етіп келеді.

Төменде Жігер Жақашевтің Ембімұнайгаздың жүз жылдығына орай жазған жыр шумағын ұсынамыз.

Ембі – мұнайшылар мекені

Қазағымның орны бөлек бұл ғаламда,

Қазыналы қасиет мол кең даламда.

Өрісі мықты, дәулетті ұлт болар ма едік,

Қазақ жері мұнайға бай болмағанда.

Жем мен Жайық жағасы толы арманға,

Үміт, мақсат алға тартар бұл жалғанда.

Той-думанда ән айтып жүрер ме едім,

Қарт Ембі мұнайға мол болмағанда.

Өмір ұшқын мұратқа ұмтылғанда,

Мағыналы мәнге жету, жол барғанда.

Қайда жүріп, қандай күйде болар едім,

Атам менің «Мұнайшы» болмағанда.

Игілігікті іздеген әр жасында,

Қамқорға жылы жандар бар қасыңда.

Мұнайшылар ордасында мен де жүрмін,

Әкелерім, Ағаларым арқасында.

Ортасынан орнықты орын таптым,

Көкем менен ақ папам арқасында.

Бауырларым мұнайшылар ойы жұсаң.

Қолдау берер қойныңнан мойын бұрсам.

Келешек те кемелді, қарқын мықты,

Арттан ерген жастарға қарап тұрсам.

Шыңға жеткен қырандайсың ой асқанда,

Еңбектері еселенген бел тартқанда.

Қара алтын көтерсе де жер астынан,

Мұнайшылар мәртебесі көк аспанда!

Жалғассын бабалардың мықтылығы,

Ұлассын аталардың ер-қылығы,

Ғасырлар қазынамен елді баққан,

Құтты болсын Ембінің жүз жылдығы!

Авторы: Жігер Жақашев

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: