Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру барысы жан-жақты сараланды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Жиынға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов пен бірқатар мердігер ұйымның өкілдері бейне-байланыс арқылы қатысты.
Жамбыл облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы 9 500 оқушыға арналған 12 мектеп салу жоспарланған. (Таразда - 4, Байзақ ауданында - 1, Жамбылда - 1, Қордайда - 3, Меркіде - 1, Шуда - 2). Биыл оның 7-еуі пайдалануға беріледі десек, қалған 5-еуінің құрылысы 2025 жылы аяқталады.
Жалпы, 6 200 оқушыға арналған 7 мектептің құрылысына 15,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, трансфертпен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жіберілген.
Мәулен Айманбетов техникалық, авторлық қадағалау қызметтерінің және мердігерлердің жұмыстары сапалы орындалуы керектігін баса айтты.
Жиын барысында әр мектептің құрылыс жұмыстарына қатысты мердігерлерден жеке-жеке жауаптар алынып, нақты міндеттер жүктелді. Сондай-ақ құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Аманбайдың да есебі тыңдалды.
Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының өңірдегі үш ауысымды және орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешудегі маңыздылығын атап өтті.
Облыс әкімі жауаптыларға құрылыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстау және мерзімінде аяқтау үшін тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
300
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи