Главная Новости Жамбыл облысында тағы екі ауыл «радиокөпір» арқылы интернетке қол жеткізді
12 қазан 2022, 11:58 1178

Жамбыл облысында тағы екі ауыл «радиокөпір» арқылы интернетке қол жеткізді

Жамбыл облысында тағы екі ауыл «радиокөпір» арқылы интернетке қол жеткізді

Жамбыл облысының тағы екі ауылының тұрғындарын «Қазақтелеком» радиокөпір технологиясы арқылы сымсыз интернетпен қамтамасыз етті. Енді Байзақ ауданы Мәдімар және Талас ауданы Бостандық ауылдарының тұрғындары телекоммуникация қызметтерінің кең спектрін пайдалана алады. Осылайша, байланыс операторы ауылдық жерлерде ағымдағы жылға жоспарланған радиокөпірлерді орнату көлемін аяқтап отыр.

Мәдімар ауылы Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Облыс орталығына 15 шақырым жерде орналасқан. Осында 2000-нан астам халық тұрады. Жақын орналасқанына қарамастан, ауылда ұзақ уақыт байланыстан қиындықтар болды. Әсіресе, мобильді интернеттің әлсіздігі балалардың толық онлайн оқуына мүмкіндік бермеген. Әсіресе тұрғындарға бұл қиындық карантин кезінде қатты батты.

«Ұялы телефон пайдаланатын Мәдімар ауылының тұрғындары ұялы байланыс мәселесін көптеп сезінуде. Ауыл тұрғындары Теле2 операторына ұжымдық хатпен байланысты жақсартуды сұрағанымен, ұялы байланыс діңгегі шамадан тыс жүктелгендіктен қабылданбаған. Содан кейін кейбір тұрғындар үйлердің төбесінде қолдан жасалған сигнал күшейткіштерді орнатуды бастады, бірақ аздап қана жақсарды. Енді «Қазақтелекомның» арқасында Ынтымақ ауылдық округі жоғарғы жылдамдықта сымсыз интернетке қол жеткізе алады», – деді Ынтымақ ауылдық округінің әкімі Бауыржан Жұматаев.

Бірнеше күнде «Қазақтелеком» қызметкерлері қызметті қосуға 96 өтінім қабылдады. Мәдімар тұрғыны Мәди Алмешов мал дәрігерлік пунктінде жұмыс жасайды. «Қазақтелеком» сымсыз интернетін қосқаннан кейін ол жұмыста ғана емес, үйде де өзіне ыңғайлы барлық уақытта құжаттаманы рәсімдей алады.

«Мал дәрігерлік жұмысы – ол тек жануарларды емдеу ғана емес, есеп, нормативтік құжаттарды жүргізу. Үйге интернет қосқаннан кейін, мен кешкі уақыттарда онлайн есеп толтыра аламын. Сондай-ақ интернетті белсенді түрде отбасымның барлық мүшелері пайдаланады: төрт балам және мұғалім-әйелімнің «қолы ұзарып» қалды. Оқу материалдарын қарайды, онлайн-күнделік толтырады. Жылдам интернетке ай сайын 4 700 теңге төлеп отырмын, бұл қолайлы және пайдалы қызмет үшін жақсы баға деп ойлаймын», – деді Мәди Алмешов.

Ауылдарда радиокөпір орнату ТОБЖ АЕМ ауқымды жобасын жүзеге асырғаннан кейін, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар ауылдарда талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылғаннан кейін мүмкін болды. Сонымен Мәдімар ауылында мектеп, әкімдік, дәрігерлік амбулатория оптикалық талшыққа қосылды. Бұл қосылу нүктелері ауылдарды сымсыз қамтуға негіз болды.

«Биіктігі 40 метр болатын базалық станцияда біз сигналды қамту радиусы 120 градус және қашықтығы шамамен 10 шақырым болатын үш секторлық антенна орнаттық. Радиокөпір 100-ге жуық абонентке қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда өтініш білдірген тұрғындардың барлығы дерлік интернетке қосылған. Бізге разылығын білдірген пікірлердің көп болғандығы қуантады», – дейді Байзақ ЖТЦ желілерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер Рахим Хаджыбаев.

Сондай-ақ биылғы жылы радиокөпір технологиясы бойынша сымсыз интернет желісіне тағы бір елді-мекен қосылды: Талас ауданы Бостандық ауылының тұрғындары сапалы интернеттің игілігін көре бастады. «Қазақтелеком» қызметкерлері ауыл тұрғындарынан 90-нан астам өтініш жинаған. Сигнал қабылдайтын жабдық абонент үйінің төбесінде орнатылып, отбасының барлық мүшелеріне бір мезетте 20Мбит/с жылдамдықтағы интернет қызметін қамтамасыз ете алады.

Жалпы, Жамбыл облысында ТОБЖ АЕМ жобасы аясында 72 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды. Бұл аталған ауылдардың әрқайсысын сымсыз жоғарғы жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуге болады деген сөз.

Мұны мүмкіндігінше тезірек орындау үшін «Қазақтелеком» серіктестікке келісім-шарт жасап, техникалық шарт алып, желілерді өз бетінше салып, абонент төлемінен кіріс ала алатын жеке кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырады. Бүгінгі таңда жоба бүкіл ел бойынша сәтті іске қосылып, «Қазақтелекомның» 13 серіктестігі радокөпір орнатуды және 67 ауылдық елді мекенннің тұрғындарын телекоммуникация қызметіне қосуды бастады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: