Главная Новости Жамбыл облысындағы «Мирный» ЖЭС жобасын қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойылды
24 апреля 2026, 11:27 55

Жамбыл облысындағы «Мирный» ЖЭС жобасын қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойылды

Жамбыл облысындағы «Мирный» ЖЭС жобасын қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойылды

«Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «TotalEnergies» компаниясы «Мирный» жел электр станциясы (ЖЭС) құрылысының жобасын қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойды.

Қуаты 1 ГВт болатын ЖЭС Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында салынады. Нысан энергияны жинақтаудың озық жүйесімен жабдықталады. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен $1,2 млрд құрайды, оның басым бөлігі — шетел капиталы. ЖЭС 2028 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Экология тұрғысынан маңызды «Мирный» жобасы — ҚМГ-ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі. Ұлттық компания жаһандық талаптарға сай «жасыл» технологияларды қарқынды енгізіп, көміртегі ізін кезең-кезеңімен азайтып келеді.

Айта кету керек, жаңа ЖЭС оңтүстік өңірлерді электрмен қамтудың сенімділігін арттырады. Жалпы, жобаның іске қосылуы елдің энергожүйесін нығайтып, жаңартылатын энергия үлесін ұлғайтады әрі Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: