Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жамбыл облыстық қан орталығының бастамасымен қолға алынған «Донор күні» акциясы аясында теміржолшылар да қан тапсырды.
Жамбыл сигнализация және байланыс дистанциясының директоры Аман Улакулов мұқтаж адамдардың өмірі үшін қан тапсыру жауапты әрі сауапты іс дейді. Сондықтан да теміржолшылар ұжымы акцияға белсенді түрде үлес қосып, 400 миллиграмнан қан тапсырған.
«Біздің дистанцияда тұрақты донорлар көп, қызметкерлеріміз жылына екі рет Тараз қаласындағы қан орталығына барып, қан тапсыруды дәстүрге айналдырған, былтырғы пандемиялық жағдайда да бұл үрдісті үзген жоқпыз. Бұл жолы Қан орталығының мобильді тобы арнайы қондырғыларымен өздері дистанцияға келіп, акцияға атсалысуымызды сұрады. Теміржолшылар бұл ұсынысты қуана қабылдады», – деп атап өтті Аман Улакулов.
Электромонтер Қамшыбек Әміреев тұрақты донор екен, ол биылғы қаңтар айында ғана қан тапсырғанын жеткізді.
«Менің әріптестерім әрбір тамшы қанның өмір мен өлім арасында жатқан науқас үшін аса маңызды екенін жақсы түсінеді. Осы жолы дистанциядағы жиырма бес маман қан тапсырды», – деді ол.
Асхат Райқұл
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
61
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
63
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы