Главная Новости Жамбылдық теміржолшылар су басқан өңірлерге тағы да техника жіберді
02 мамыр 2024, 16:33 245

Жамбылдық теміржолшылар су басқан өңірлерге тағы да техника жіберді

Жамбылдық теміржолшылар су басқан өңірлерге тағы да техника жіберді

Жамбыл ЖТ бөлімшесі еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтары Атырау мен Ақтөбеге тағы да техникалар жөнелтті.

11-13 сәуір аралығында Талас станциясынан Атырауға 72 техника тиеген 53 платформа жіберілген болатын. Ал өткен аптада 11 платформаға 17 техника тиеліп, Ақтөбеге жеткізілді.

– Су басқан елді мекендердердегі тасқын судың деңгейі төмендеген соң, аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық мәселелер туындағаны белгілі. Сондықтан бұл жолы негізінен дезинфекциялық жұмыстарды жүргізетін құрылғылар мен құралдар, техникалар жіберілді, – дейді Жамбыл ЖТ директоры Айдын Сейітбенбетов.  

Жергілікті облыс әкімдігі өңірдегі ірі өндіріс орындары мен зауыттарды, жекелеген шаруа қожалықтары мен мекемелерді тарта отырып, қажетті техникаларды жинаған. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі техникаларды керек жеріне уақытылы жеткізіп берді.

Бұдан бұрын Жамбыл бөлімшесінің ұжымы су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы халықты қолдау үшін бір күндік еңбекақыларын аударған болатын.

Ардақ Үсейінова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: