Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз» деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерлерге баруға асығады. Жаздың ең әдемі естеліктері балалардың демалыс лагерінен бастау алатыны сөзсіз.
«Бір жылыңды ойласаң – егін ек. Он жылыңды ойласаң – ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң ұрпақ тәрбиеле» деген аталы сөзді алға қойған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әлеуметтік салаға айрықша назар аударып отыр. Биыл да әдеттегідей 1681 бала еліміздегі ең үздік лагерлерінде демалып, жаңа оқу жылына зор құлшыныспен кірісетін болады.
Өңіріміздің табиғаты қатал, ал өндіріс жұмысының жауапкершілігі мен қиындығы сала мамандарына етене мәлім. Сондықтан компания ең алдымен өндірісте жүрген мұнайшылардың, көпбалалы отбасылардың балаларына жағдай жасауды үлкен міндет деп санайды. Биыл да «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше мән беріп отыр.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әкімшілік және әлеуметтік сұрақтар департаментінің жетекші маманы Ұлбике Сариеваның айтуынша, өңірдегі ірі компанияның бірі ретінде өз қызметкерлерінің балаларына толыққанды жағдай жасап отыр.
«Компания қызметкерлері балаларының шығармашылық қабілетін шыңдап, олардың жаңа орта тауып, ел көріп, жер тануға деген ниет-тілектері әрқашан ескеріледі. Осылайша еліміздегі барлық лагерлердің жағдайын саралап, сараптай келе, үздік 5 лагерь таңдап алынды. Балалар жазғы лагерьді қатты сағыныпты. Пандемия кезінде 2 жыл қатарынан балаларымызға қуаныш сыйлай алмаған едік. Әйтсе де, лагерьге ағылған балалардың қуанышын көріп, өзіміз де мәз-мейрам боп отырған жайымыз бар», – деді әлеуметтік сала маманы.

Биыл Алматы қаласындағы «Айналайын», «Арман дала» лагерінде 858 бала демалса, алғаш рет Ақтаудағы «Риксос», «Ақбөбек-Кендірлі», «Фламинго» лагерілері 823 балаға тамаша көңіл-күй сыйлап отыр. Елімізде жарияланған «Балалар жылы» аясында компанияда атқарылатын мұндай игі іс-шаралардың ауқымы кеңейе бермек.
Дереккөз: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
271
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи