Главная Новости Жаңа жәрдемақыны бір баласы барлар да ала алады
01 сәуір 2019, 08:18 2875

Жаңа жәрдемақыны бір баласы барлар да ала алады

Жаңа жәрдемақыны бір баласы барлар да ала алады Сурет: Ашық дереккөзден

Бүгіннен бастап республика бойынша 21 мың теңгелік жәрдемақыны тағайындауға өтініштер қабылданады. Атаулы әлеуметтік көмектің бұл түрі тұрмысы төмен барлық отбасыларға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 21 мың теңгелік жәрдемақыға көпбалалы отбасылар ғана емес, бір баласы бар аналар да іліге алады.

"Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілуі шарт. Бұл - Президенттің тапсырмасы. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыда бір бала немесе екі бала болуы мүмкін ғой. Ондай отбасылардың бір айлық табысы адам басына шаққанда 20 789 (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы - авт.) аспаса, бір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы тағайындалады", - делінген министрліктің түсініктемесінде.

Осы орайда мамандар бір баласы бар отбасына жаңа жәрдемақы төлеуге қатысты мысалды да келтірді. Мәселен, бір әйел жалғыз баласын асырап отыр. Ал оның бір айлық жалақысы 40 000 теңгені құрайды. Осы ақшаны екі адамға бөлгенде тура 20 000 мыңнан келеді. Демек, отбасының бір айлық табысы адам басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы - 20 789 теңгеден аспайды. Заң бойынша балаға 21 мың теңгенің жәрдемақыны төленуі керек.

"Ал анасына 20 000 мен 20 789 теңгенің айырмашылығы төленеді. Сонда баланың жәрдемақысын қосқанда аталған отбасы ай сайын 22 мың теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмекті алып тұрады", - деп атап көрсетті мамандар. 

Әр балаға 21 мың теңгеден берілетін жәрдемақыны алу үшін өтініштен басқа ешқандай құжаттар қажет емес. Оны жергілікті әкімдікке, халыққа қызмет көрсету орталығына, я болмаса, жұмыспен қамту орталығына тапсырып кетуге болады. Сол жерде жеке куәлікті көрсетіп, өтініште отбасының барлық мүшелерін жазып шығу қажет. Қалған жұмысты мемлекеттік қызметкерлер өздері атқарады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, мамандар өтініште көрсетілген барлық мәліметтерді электронды базамен салыстырады.

Жәрдемақыны алу үшін тұрақты, я болмаса, уақытша тіркеу болуы шарт. Барлық құжаттарды алты айда бір рет жаңартып отырады. Бір үйді табысын есептегенде тек жақын туыстардың бір айда табатын ақшасы ғана ескеріледі. Олардың ішінде ата-аналар, балалар, әкесі бір, шешесі бөлек ағайындар, ата-әжелер бар. Бұл дегеніміз, осы адамдар бірге тұрса, олардың табысы бір отбасының кірісі ретінде саналады. Қосалқы шаруашылық та кірістің көзі болып есептеледі. Алайда басқа әлеуметтік төлемдер есепке алынбайды. Соның ішінде көпбалалы отбасының қазіргі мемлекеттік жәрдемақысы (4,16 АЕК - 10 504 теңге), "Күміс алқа" мен "Алтын алқаның" төлемақысы (6,4 АЕК - 16 160 теңге), мүгедек балалардың жәрдемақысы мен шәкіртақылар бар. Қазіргі заңнамаға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек кәмелеттік жасқа дейін төленеді. Бірақ бала колледж, я болмаса, университетке түсіп кетсе, артынан жоғары оқу орнынан кейінгі білім алса, жәрдемақы 23 жасқа дейін төлене береді. Сосын Астана, Алматы мен Маңғыстау облысында жәрдемақының мөлшері сәл көбірек болады. Себебі ол жерде халықтың күнкөрісінің деңгейі жоғары. 

Айтпақшы аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа сипатына байланысты "111" нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: