Главная Новости Жаңа Қазақстан. Таза табиғат
02 қараша 2023, 08:07 1848

Жаңа Қазақстан. Таза табиғат

Жаңа Қазақстан. Таза табиғат

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының қызметкерлері эстафетаны «Ембімұнайгаздық» әріптестерінен қабылдап, сенбі күні 28 қазанда қаланы тазалау және абаттандыру мақсатында сенбілікке шықты. Осылайша, мұнайшылар «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» жобасы аясында жасаған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бастамасына қолдау көрсетті.

Сенбілік барысында «Маңғыстаумұнайгаз» қызметкерлері қала жағалауын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

«Мен үшін де, менің әріптестерім үшін де өлкеміздің экологиясы мен қоршаған ортаның жақсы болуы, соның ішінде әсем қаламыздың тазалығы маңызды. Сондықтан біз осы экологиялық акцияға қуана қосылдық, өйткені әңгіме бәріміз өмір сүріп жатқан жерге бей-жай қарамай, тазалықта ұстау туралы болып отыр ғой. Экологияға қамқорлық жасау - біздің ортақ міндетіміз деп түсінуіміз қажет деп ойлаймын. Ал, біздің игі дәстүрімізге айналған, сенбіліктер қаланың тазалығын сақтауға септігін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар ұжымда бірлік сезімін күшейтуге керемет көмектесетін құрал», – деп атап өтті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ҚОҚжПГ басшысы Жаннат Екібаева.

Сенбілік соңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері эко-челленж эстафетасын «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшыларына тапсырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: