Главная Новости Жаңа өткел Нұрлы кенті мен елорда арасындағы қашықтықты қысқартты
17 қазан 2023, 10:40 1386

Жаңа өткел Нұрлы кенті мен елорда арасындағы қашықтықты қысқартты

Жаңа өткел Нұрлы кенті мен елорда арасындағы қашықтықты қысқартты

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, елорда маңындағы Нұрлы тұрғын алабында теміржол өткелін көшіру бойынша жұмыстар жүргізді.

Нұрлы елді мекені Астанадан 10 км қашықтықта орналасқан. Онда 1,5 мыңнан астам адам тұрады. Ауыл тұрғындары елордада жұмыс істейді, балалар қалалық мектептерде оқиды. Бұрын олар қалаға ауылдан 3 км қашықтықта орналасқан теміржол өткелі арқылы жететін.

Кент пен Астана арасындағы көліктік қолжетімділікті жақсарту үшін тұрғындардың өтініші бойынша 513 км-дегі күзетілетін теміржол өткелі жойылып, жаңа ординатаға – Қырқыншы – ОП-42 аралықтың 515-ші километріне ауыстырылды. Енді Нұрлыдан өткелге дейінгі қашықтық шамамен 850 метрді құрайды.

"Өткел 513 шақырым жерде болғанда, күн сайын оған жету үшін дала жолымен 2,5 шақырым жол жүруге тура келетін. Өткелді ауыстырғаннан кейін қалаға жол айтарлықтай қысқарды", - деді Нұрлының жергілікті тұрғыны Анар Жүкенова.

Тәулігіне шамамен 75 пойыз бен 3000 астам автомашина жүретін темір жол өткеліндегі қауіпсіздікті кезекші бақылайды. Кезекші үшін қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін электр жылытумен, ауа баптағышпен, күзет-өрт дабылымен, бейнебақылау камераларымен, жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған жаңа модульдік бекет ғимараты орнатылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: