Главная Новости Жаңа супер смартфон: Суретке түсірудің құпиялары қандай?
23 маусым 2022, 08:48 1192

Жаңа супер смартфон: Суретке түсірудің құпиялары қандай?

Жаңа супер смартфон: Суретке түсірудің құпиялары қандай?

Жаңа nova Y70 смартфонының сатылымының басталуы алдында Huawei танымал қазақстандық фотограф Деонисий Мить арнайы шақырып, журналистер мен блогерлерге арналған шеберлік дәрісін ұйымдастырды.

Алматыдағы Ұлттық саябақтың аумағында өткен nova Y70 мобильді фотосуретті қолдану негізінде суретке түсіру, жарықтандыру, экспозиция және басқа параметрлер үшін дұрыс позицияны таңдау бойынша шеберлік сабағы теориялық бөліммен қатар практикалық бөлімді де қамтыды. Деонисий Мить табиғи жағдайда мобильді камераның әр түрлі түсіру тәртіптерін қолданып, кадр мен жарықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын, сондай-ақ фотографтың «дәл анықтау» қасиетінің болуын айтты.

«Қазақстан БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі Журналистика күні қарсаңында біз медиа саласындағы әріптестеріміз үшін мобильді фотосуреттер бойынша шеберлік дәрісін ұйымдастырдық. Заманауи күндері журналистер смартфондарды жұмыс істеудің және хабарларды желіде жедел жеткізудің негізгі құралы ретінде пайдаланады. Батареяның ұзақ уақыт бойы қуатталған күйде сақтай отырып, сапасын жоғалтпай жақсы суретке түсіру маңызды. Жаңа nova Y70 смартфоны сіздің суретке түсу дағдыларыңызды жақсартуға көмектеседі, сонымен қатар кез келген жағдайда мазмұнды жасау кезінде сенімді көмекші болатыны сөзсіз», – деді Қазақстандағы Huawei Consumer Business Group маркетинг жөніндегі директоры Мао Чжоуин.  

Жаңа смартфонда 720 x 1600 пиксел рұқсаты бар 6,75 дюймдік дисплей бар, ол айналадағы ортаны тануға және көздің шаршауын азайту үшін әр түрлі артқы жарық режимдерін іске қосуға қабілетті.

Huawei Nova Y70 ЖС негізіндегі үштік камерасымен жабдықталған. Оның ішінде 48 МП негізгі камера, топтық және пейзаждық түсірілімдер үшін 120 градустық көру өрісі бар 5 МП ультра кең камера және фотосуреттегі нысанға ерекше аудару үшін артқы фонды бұлдыртатын 2 МП тереңдік камерасы бар.

Сонымен қатар, камераның негізгі мүмкіндіктеріне сандық масштабтау, авто жарқыл, бет-жүзін анықтау және сенсорлық фокус кіреді. Сондай-ақ пайдаланушылар селфи түсіру және бейне қоңыраулар үшін жоғары сапалы 8 МП алдыңғы камераға ие болады.

Құрылғы сегіз ядролы процессормен (2×1,8 ГГц Cortex-A75 және 6×1,8 ГГц Cortex-A55) жабдықталады. Жад туралы айтатын болсақ, смартфонның жедел жадысының көлемі 128 ГБ. Ол сериялардың 170 бөлімін, 13 000 музыкалық файлдарды және 60-тан астам фильмдерді сақтауға мүмкіндік береді.

«Мен кәсібін жаңадан бастаған фотограф мамандарға жиі шеберлік сабақтарын өткіземін. Бүгін де Huawei компаниясы ұймдастырған шеберлік дәрісінде мен медиа саласындағы әріптестеріммен өз білімімен қуана бөлістім. Әдетте, ұзақ сапарларда біз өзімізбен бірге кәсіби құрал-жабдықтарды алып жүреміз. Қазіргі уақытта кез келген қолданушы сапалы суретке түсіре алады, ол үшін жақсы камерасы бар смартфонның болуы және түсірудің кішкентай құпияларын білу жеткілікті. Әріптестер алған білімдерін күнделікті жұмыстарында қолданып, оқиға орнынан жақсы кадрлармен бөліседі деп сенемін», – деді Discovery арнасының Қазақстандағы ресми өкілі, National Geographic Ресей мен БҰҰ фотографы Деонисий Мить.

Тәжірибелі саяхатшы ретінде Деонисий шеберлік дәрісінде саяхат кезінде заманауи гаджеттерді дұрыс пайдаланудың маңыздылығын да атап өтті. Huawei nova Y70 6000 мАч аккумулятормен жабдықталған, соның арқасында телефон 7 күнге дейін қайта қуаттамай жұмыс істей алады. Сондай-ақ смартфон 22,5 Вт SuperCharge жылдам қуаттау режимін және Huawei Nova Y70 басқа құрылғыларын кабель арқылы қуаттауға мүмкіндік беретін кері қуаттау тәртібін қолдайды.

Жаңа nova Y70 Қазақстанда Crystal Blue және Midnight Black екі түсті болады.  Жаңа өнімнің бағасы 24 маусымнан бастап барлық серіктес дүкендерде 129 990 теңгені құрайды. 2022 жылдың 24 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Huawei nova Y70 телефонын әрбір сатып алушыға сыйлық ретінде Huawei Band 6 фитнес білезігі беріледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: