Главная Новости Жаңа Транскаспий бағыттары Қытай мен Еуропаны жалғай түспек
10 шілде 2024, 12:00 261

Жаңа Транскаспий бағыттары Қытай мен Еуропаны жалғай түспек

Жаңа Транскаспий бағыттары Қытай мен Еуропаны жалғай түспек

Астанаға ШЫҰ саммитіне келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 3 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізді. Жиын барысында China-Europe Trans-Caspian Express жаңа жобасы телекөпір арқылы салтанатты түрде іске қосылды.

Бұл жоба Еуразия кеңістігіндегі мультимодальды көлік байланыстарын жақсартуға арналған, оның ішінде Орта дәліз аталып кеткен Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКБ) әлеуетін пайдалануға бағытталған.

Қолданыстағы Қытай-Еуропа Railway Express жобасын дамытуда тұтыну тауарлары мен автомобиль жабдықтары тиелген контейнерлері бар алғашқы пойыз Сиань жүк терминалынан (Шэньси провинциясы) 2024 жылдың 1 шілдесінде Орта дәліз арқылы Әзірбайжан астанасына жөнелтілді. Осылайша Қытай темір жолдары (CR) Әзірбайжанға тұрақты жүк тасымалдау қызметін ұйымдастырып отыр. «Қорғас» шекара өткелінен өткен жүк Қазақстан темір жолдарымен Каспий теңізіндегі Ақтау портына және кемеге тиелгеннен кейін Баку портына өтеді. Сианьнан жүкті жеткізу шамамен 12 күнде жүзеге асырылады. Жаңа қызмет Қытай мен ТХКБ желісі бойындағы елдер арасындағы сауданың дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты жандандыру қажеттігіне назар аударғанын және жаһандық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланғанын жеткізді.

«Былтыр теміржол арқылы тасымалданатын жүк көлемі 22 пайызға артып, 28 миллион тоннаға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ляньюньган, «Қорғас – Шығыс қақпасы» және Сиань қаласындағы құрғақ порттарда жүзеге асырылған бірлескен жобалардың нәтижесінде көлік-логистикалық әлеуетіміз едәуір артты. Қазіргі таңда «Аягөз – Бақты» үшінші трансшекаралық темір жол құрылысы белсенді жүріп жатыр. Бүгін біз Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалын іске қосу шарасына бейнебайланыс режимінде қатыстық. Бұл бағдар Еуразия құрлығындағы көлік-логистика қатынастарын дамытуға тың серпін береді», – деді Мемлекет басшысы.

Си Цзиньпин өз кезегінде Транскаспий дәлізі үшінші трансшекаралық темір жол құрылысын жеделдететіндерін айтты.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты жалғастыра береміз. Нақты салалардағы ықпалдастық бағытында жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Қысқа мерзім ішінде тауар айналымын екі есе ұлғайту жөнінде жаңа міндет қойылды. Біз сауда және экономика, инвестиция, индустрияландыру, көлік және энергетика сияқты салалардағы байланысымызды ұдайы нығайту жөнінде уағдаластық. Сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасын белсенді іске асырамыз. Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен елдеріміз арасындағы үшінші трансшекаралық темір жол құрылысын жеделдетеміз.  Сонымен қатар негізгі минералдық ресурстар, баламалы энергия көздері, ғылыми-техникалық инновациялар, авиация және ғарыш, цифрландыру салаларындағы дамудың жаңа бағыттарын бірлесе ілгерілетуге ниеттіміз, – деді ҚХР Төрағасы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: