Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі отандық өндірістегі тағы 12 жаңа купе жолаушылар вагонымен толықтырылды. Келіп түскен жылжымалы құрам Ұлттық тасымалдаушының «Северный» өңірлік филиалының Павлодар учаскесіне жіберілді.
Заманауи жаңа вагондар №45/46 «Павлодар – Түркістан» бағдары бойынша пойыздар құрамында жүретін болады.
Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа вагондар ауаны баптау жүйесімен, ауа сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен және тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купе электр розеткаларымен және USB қосқыштарымен жабдықталған. Тиісті пайдалану кезінде жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі отандық 32 жаңа жолаушылар вагонымен толықтырылған болатын. Вагондар Ақтөбе темір жол маршруттары бойынша сәтті жүріп жатыр. Бұл өзгерістер вагондардың жайлылығына, сервисіне және ыңғайлылығына қанағаттанған жолаушылар мен жылжымалы құрам қызметкерлерінен оң баға алды.
Қоса кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон паркін жаңарту бойынша жоспарлы және кезең-кезеңмен жұмыс жүргізуде. Сонымен, келесі жылдың басында қазақстандық 100 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, 2025-2030 жылдар аралығында Stadler компаниясының 537 вагонын сатып алу көзделген. Барлық жоспарланған іс-шараларды ескере отырып, 2030 жылы вагон паркінің орташа жылы 18-ден 13 жылға дейін төмендейді. Бұл ретте жылжымалы құрамның ауаны баптау жүйесімен қамтамасыз етілуі 100% құрайтын болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
137
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»