Главная Новости Жаңадан құрылған Алатау қаласы арқылы шығыс пен оңтүстікті жалғайтын теміржол өтеді
18 қаңтар 2024, 11:36 989

Жаңадан құрылған Алатау қаласы арқылы шығыс пен оңтүстікті жалғайтын теміржол өтеді

Жаңадан құрылған Алатау қаласы арқылы шығыс пен оңтүстікті жалғайтын теміржол өтеді

Былтыр бекет жанында ірі индустриалдық жоба іске асты. Жүк өңдейтін терминал салынды. 52 гектар жерді алып жатқан нысан импорттық және экспорттық бағытта жұмыс істейді, деп хабарлады 24.kz телеарнасы.

Былтыр салынған логистикалық орталықтың құрылысы жалғасып жатыр. Жарты жылда мұнда 16 мың контейнер өңделді. Күніне 6 пойызға қызмет көрсетіледі. Ал, бір жылда терминалдың 200 мың контейнерді қабылдап, жөнелтуге мүмкіндігі бар. Нысан 2 жылда толық аяқталуы тиіс. Сонда 200 адам тұрақты жұмыс істейді. Яғни, қаланың дамуына оң ықпал етеді.  

«Келешек қала Алатауға өзінің оң жағынан ықпалын береді. Салынатын қалаға келетін материалдармен және кей басқа тауарлар осы терминалда өндіріліп, қалаға жеткізіледі», - дейді логистикалық орталықтың бөлім басшысы Эльдар Түсіпбаев.  

Қазір мұнда 25 мың адам тұрады. Жаңа арна, Құйған мен Еңбек ауылдары қала құрамына кіргенде халық саны 50 мыңға жетеді деген жоспар бар.  Ауылда 6 мектеп, 11 балабақша жұмыс істеп тұр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: