Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында «БерАли» мекемесінің экс-қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесуге «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ басшысы Нұрдәулет Қилыбай және жұмыссыз қалған «БерАли» компаниясының бұрынғы қызметкерлері қатысты.
Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы билік пен «Қазмұнайгаз» компаниясы көтерілген мәселені оңтайлы шешуге ынталы екенін айтып, барлық түйіткілдерді келіссөз үстелінде шешуге шақырды.
Кездесуде жиналғандарға жалақы мен еңбек жағдайларын сақтай отырып, «МөлдірМұнайСервис» ЖШС-не ұзақ мерзімге (3 жыл) жұмыс ұсынылды.
Өңір басшысы «БерАли» мекемесінің бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру «ҚазМұнайГаз» АҚ ережелері шеңберінде жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол тендерден ұтылған компанияның қызметкерлері конкурстық рәсімдердің жеңімпазы атанған компанияға жұмысқа орналастырылатынын жеткізді.
Мәселен, 2022 жылдың соңынан бастап осы уақытқа дейін күнделікті 192 шарт бойынша тендерлік рәсімдердің мәртебесіне талдау және мониторинг жүргізілген – бұл шамамен 15 мың адам. Талдау қорытындысы бойынша тендерден ұтылған мердігер компаниялардың қызметкерлері жұмыссыз қалмауы үшін уақтылы шаралар қабылдануда.
Бүгінгі күні тендердің нәтижелері бойынша жаңа мердігер компаниялармен 57-ге жуық шарт жасалған, олардың басым бөлігі - ұзақ мерзімді. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» өкілдігінің бастамасымен тендерлік құжаттамаға алдыңғы мердігерде жұмыс істеген қызметкерлерді жұмысқа орналастыру туралы талап енгізілген. Осы талапқа сәйкес ұтылған компаниялардың 3 мыңнан астам қызметкері жеңімпаз компанияға жұмысқа орналастырылған.
Мұндай шаралар өз тиімділігін көрсетуде. Бұл ұтылған компаниялардың жұмыстан босатылған қызметкерлерін қайта жұмысқа орналастырудың тиімді құралы болып табылады. Осыған байланысты «БерАли» мекемесінің бұрынғы қызметкерлеріне ұсынылған жұмысқа тұру және жұмысты оңтайлы жағдайда жалғастыру ұсынылды.
«ҚазМұнайГаз» АҚ өкілдері «БерАли» мекемесінің бұрынғы қызметкерлері ұсынылған жұмыс орнынан бас тартқан жағдайда, «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік жоспар бұзылмау үшін конкурстық рәсімдерде жеңген мекемеге кезекте тұрған жұмыссыз адамдарды алуға мәжбүр болатынын атап өтті.
«Сіздердің мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибеңізді ескере отырып, сәздерге «ҚазМұнайГаз» АҚ қолданыстағы ережелері аясында жұмысқа орналасу ұсынылады. Алайда, «Өзенмұнайгаз» АҚ-на тікелей жұмысқа орналасу туралы талапты қанағаттандыру мүмкін емес, себебі бұл қолданыстағы алгоритм шеңберінде жұмысқа орналасу кезегіндегі Жаңаөзен қаласының басқа тұрғындары үшін әділетсіз болмақ. Мен ақылмен шешім қабылдап, жұмысқа орналасу туралы ұсынысты қабылдауды ұсынамын, - деді Нұрлан Ноғаев. - Жергілікті атқарушы органдар қолда бар жұмыс орындарын сақтай отыра, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ оларды тұрғындар арасында әділ бөлу жөніндегі жүйелі жұмысты тұрақты негізде жалғастыратын болады».
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!