Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» қорының жанындағы Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы Маңғыстау облысының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумның және «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында «U-STUDY» оқу орталығымен бірлесіп балалардың білім сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаны іске қосты.
Жобаның мақсаты – Жаңаөзен қаласындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан 11 сынып оқушыларына саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу, әр тұлғаның жеке ерекшеліктеріне сәйкес саналы кәсіби таңдау жасауға психологиялық дайындығын қалыптастыру және мансапты жоспарлау саласында оқушылардың құзыреттілігін арттыру. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарына түсуге дайындық жүргізіледі.

Жоба аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан 11 сыныптың 165 оқушысына онлайн және офлайн оқыту курстары, ҰБТ-ға дайындық және Жаңаөзен қаласындағы 10 сыныптың барлық балаларына кәсіби бағдар шаралары ұйымдастырылады.


Жобаның бірінші кезеңінде оқушылардың жеке қабілеттері анықталады, екінші кезеңде кәсіби білім мен психологиялық қолдау көрсетіледі. Ал соңғы кезеңде оларды оқу орындарына түсуге дайындайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
130
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»