Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ның жаңа өндірістік база аумағында 150 адамға арналған асхана құрылылысы жалғасуда. Жобаға 550 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Жаңа асханадан ауыр және зиянды өндірістерде жұмыс жасайтын қызметкерлер — слесарь, такелажник, дәнекерлеуші, темір ұстасы, токарь, сондай-ақ инженер-техник мамандары тамақтанатын болады. Қызметкерлерді сапалы әрі құнарлы ыстық тамақпен қамтамасыз ету — өндірістегі денсаулық пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызды бөлігі.
Қазіргі кезде құрылыс алаңдарын жобалау жұмыстары аяқталды, арматурасы бар іргетас құйылып бітті, сонымен қатар қоршаулар ішінара орнатылды. Металл каркасын құру бойынша дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, іргелес аумақ абаттандырылуда. Алдағы уақытта асфальт төсеу және көгалдандыру жұмыстары жоспарланып отыр.
Объект биыл тамыз айының соңында пайдалануға берілмек. Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еңбек жағдайларын жақсарту және компания жұмыс жүргізетін өңірлердегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыттарындағы стратегиясы аясында жүзеге асырылуда.