Главная Новости Жаңаөзендегі жарылыстан үйсіз қалғандарға ҚазМұнайГаз жаңа пәтер сатып әпереді
17 сәуір 2023, 09:41 1234

Жаңаөзендегі жарылыстан үйсіз қалғандарға ҚазМұнайГаз жаңа пәтер сатып әпереді

Жаңаөзендегі жарылыстан үйсіз қалғандарға ҚазМұнайГаз жаңа пәтер сатып әпереді

Жарылыстан 13 адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Жаңаөзендегі тұрғын үйде газ баллонының жарылуынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер кілтін сыйлайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Баспанасыз қалған отбасылар жаңа пәтер алады, ал жарақат алғандарға орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірге қажетті көмек көрсетіледі", – делінген компанияның хабарламасында.

Еске салайық, 17 сәуір күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған. 

Әкімдік дерегінше, сағат 08:30-да үйінді астынан 6 адам шығарылды. 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: