Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың басына дейін мұнай өңдеу көлемі мен ЖЖМ өндірісі ұлғайтылды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Мұнай өнімдерін өндірудің 2022 жылға арналған болжамы 13,72 млн. тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 1,04 млн тоннадан астам жоғары. 2022 жылға арналған дизель отыны (дизель) өндірісінің болжамы 5,2 млн тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннаға және 2020 жылға қарағанда 640 мың тоннаға артық.
Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша дизель өндірісі 3,53 млн.тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға немесе 10,5%-ға артық. 2022 жылға арналған дизель тұтыну болжамы 5,472 млн тоннаны құрайды, бұл 2020 жылға қарағанда 500 мың тоннаға және 2021 жылға қарағанда 90 мың тоннаға артық.
Шаруаларға 2022 жылғы шілдеде 106,6 мың тонна, тамызда 145,6 мың тонна тиеп-жөнелтілді. Шаруаларға барлығы 423,5 мың тонна дизель тиеп-жөнелту жоспарлануда. Шаруаларға тиеп-жөнелту басым негізде жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда болады.
ЖЖМ нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел шаралар қабылдау үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.
Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы айтты:
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес елімізде битум өндірісін ұлғайту қажет.
2022 жылдың 8 айына битум өндіру жоспары 726 мың тоннаны құрайды, іс жүзінде 8 айда шамамен 600 мың тонна өндірілді.
Ведомство басшысы Болат Ақшолақов атап өткендей, Қазақстан мен Ресей Энергетика министрлігінің келіссөздері нәтижесінде гудрон импортының көлемі 280-нен 430 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Қазіргі уақытта «беруші» - ірі мұнай жеткізушілері (ҚМГ, Петросан, Каспий Битум) битумды ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті ұсынған жол компанияларының тізбесі бойынша тиеп-жөнелтуді жүргізуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!