Главная Новости Жаңарық оқушылары үшінші тоқсанды жаңа мектепте бастады
13 қаңтар 2025, 15:37 136

Жаңарық оқушылары үшінші тоқсанды жаңа мектепте бастады

Жаңарық оқушылары үшінші тоқсанды жаңа мектепте бастады

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары барысында осыдан екі апта бұрын ашылуға дайын деп жарияланған жаңа білім ордасының ашылу рәсіміне қатысты. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Жаңарық ауылының тұрғындары үшін 300 оқушыға арналған жайлы мектеп есігін айқара ашты.

Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов қатысты.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», - деді өңір басшысы.

Білімді азамат – егемен еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы. Еске сала кетейік, ұлттық жоба аясында алғашқы 900 орындық білім ордасы Қызылорданың сол жағалауында ашылған болатын. Енді Жаңарық ауылында ескі ғимаратта оқып келген 400-ге жуық оқушы жаңа, қауіпсіз және заманауи талаптарға сай мектепте білім алатын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жоба аясында Қызылорда облысында 10 жайлы мектеп салу жоспарланған. Бүгінде оның тең жартысы аяқталды, ал қалған 5 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: