Главная Новости Жарлыда енді интернет жылдамдығы жоғары
30 наурыз 2021, 09:17 924

Жарлыда енді интернет жылдамдығы жоғары

Жарлыда енді интернет жылдамдығы жоғары

Радиокөпір технологиясына негізделген жылдамдығы жоғары интернет Қарағанды облысының Жарлы кентіне жетіп барды. Күні бүгінге дейін ондағы тұрғындар интернетке EV-DO арқылы кіруші еді. Бірақ оның жылдамдығы 512 Кбит/секундтан аспайтын. Ал енді олар барлық телекоммуникация қызметін тұтынып, онлайн оқи алады, бейнеқоңырау арқылы сөйлеседі, жалпы жылдам интернеттің бүкіл игілігін пайдалана алады.

«Жаңа интернет келгесін, шеберлік сабағын онлайн оқып, қазақтың ұлттық көрпе-жастығын тігуді үйреніп алдым. Адамдар менің жұмысыма қызығып келеді, сатып алатындар баршылық», — дейді Жарлы тұрғыны Күлжан Алдашева.

Заманауи телекоммуникация қызметтері келген соң өмірі өзгерген тек Күлжан ғана емес. Жарлы ауылының тағы бір тұрғыны Рысты Бейсенбекова да кәсібін бастап кетті. Ол да үйінде шағын тігін цехын ашып, тігін машинасын сатып алды. Интернеттен ұлттық киім тігу мен тұрмыстық заттарды жасауды үйреніп жүр. Өнімін сату үшін Рысты Instagram парақша ашып, жасаған бұйымдарын соған да салып жүр.

Бүгінде Жарлы ауылының тұрғындары шетінен интернетке қосылып жатыр. Әрі аудан әкімдіктерінің қолдауымен Қарағанды облысының 30 ауылында тұрғындарға сапасы жоғары мобильді интернетті қолдану мүмкіндігін беретін қондырғылар орнатылған.

«АЕМ ТОБЖ», «250+» жобалары мен GPON, радиодоступ технологиялары арқылы біз ең басты – ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті жою міндетін орындап келеміз. Бүгінде Жарлы кентінің тұрғындары да ірі қалалардағы секілді телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізіп отыр. Бұдан тыс, туындаған мәселелерін шешу үшін ауыл тұрғындары енді аудан орталығына жүгірмейді. Үйде отырып керегін ала береді, ал балақайлар қашықтан оқи алады», - дейді «Қазақтелеком» АӨ Орталық ӨТД В2С сегментінің коммерциялық директоры Дамир Сейсембеков.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: