Главная Новости Жас мамандармен ашық диалог: Ембімұнайгазда стратегиялық кездесу өтті
04 ноября 2025, 21:51 249

Жас мамандармен ашық диалог: Ембімұнайгазда стратегиялық кездесу өтті

Жас мамандармен ашық диалог: Ембімұнайгазда стратегиялық кездесу өтті

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас кеңсесінде «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов пен «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы» ЖМ бас директоры Елдос Өмірзақовтың қатысуымен жұмысшы жас мамандармен кездесу өтті.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ірі компанияларында еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелері мен кәсіпорындардың әр деңгейдегі басшылары қатысты. Кездесуде Ғибрат Ауғанов жастардың кәсіби әлеуетін арттыру, олардың қабілеттері мен инновациялық ойлауын дамыту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, соңғы бес жыл ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ дуалды білім беру, өндіріс талаптарына сай оқу бағдарламаларын іске қосу, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту сияқты бағыттарда нақты нәтижелерге қол жеткізді.

Жиын барысында жас мамандар өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылардың ортақ пікірінше, жас мамандардың әлеуетін арттыру – стратегиялық инвестиция, ал олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету – елдің тұрақты дамуының басты кепілі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: