Главная Новости Жасампаз Ембі – Жас Ембі
09 қазан 2023, 15:01 1372 Нұрболат Аманжол

Жасампаз Ембі – Жас Ембі

Жасампаз Ембі – Жас Ембі

«Ембімұнайгаз» АҚ «Жасампаз Ембі – Жас Ембі» ұранымен өткен «Жас мамандар күнін» қорытындылады. Компанияның жас қызметкерлері екі күн бойы түрлі форматтарда өткен іс-шараларға белсенді қатысып, қызықты, танымды сәттерді бастан кешірді.

Алдымен, Qazaqsha Quiz-ден бастау алған интеллектуалды сайыс қатысушылары ғылым, тарих, логика, музыка, кино тақырыптарымен қоса, өз салалары – мұнай-газ тақырыбына қатысты сауалдарға да дәл, ұтымды, қызықты жауаптар ұсынды. Бұдан соң, ашық аспан астында, таза ауада ұйымдастырылған сайыс та бір мүдде, бір мақсатқа жұмылған жастарға ұмытылмас сәттер сыйлады.

Кейін «Қаржылық тәуелсіздік» және «Өзіндік тиімділікті арттыру арқылы кәсіби жетістікке жету жолдары» тақырыбындағы салалық спикерлердің тренингтері де ембілік жастардың заман ағымына сай, қажетті білімді игерулеріне мүмкіндік ашты.

Ал, қорытынды шара барысында түрлі жағдайлар туындаған кезде тығырықтан шығу, аудиториямен жұмыс жасау, баспасөз конференциясын өткізу сынды қабілет-қарымдарын шыңдаған жас мамандар белсенділік таныту, ой-тұжырымды дәл жеткізу, сауал жолдау, резонансты жағдайларды оңтайлы шешу секілді мәселелерді де еңсере білді.

Екі күндік іс-шараның соңғы кезеңінде «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Марат Елеусінов жас ембіліктермен бір толқында әңгіме өрбітіп, лауазымдық жетістіктерге жету жолына қатысты қатысушылардың сауалдарына жауап берумен қоса, Компанияның алдағы жоспарлары, кен орындарының қазіргі ахуалы секілді мәселелерді «Кешкі шәй» форматында ұйымдастырылған ашық сұхбат алаңында талқылады.

Сонымен қатар, Ембі жастары доп тебуден шеберліктерін шыңдап, ептілік танытқандар сыйлыққа ие болды.

Ал, ең басты марапат иелері – өндірістегі процестерді ілгерілету, кәсіпорынның әлеуметтік- тұрмыстық мәселелерін шешу мақсатында жас кадрлар арасында ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары. Ұсынылған көптеген жоба арасынан үздік 3 жоба авторлары анықталып, дипломмен марапатталды. Олар – Сержан Аязбаев, Әли-Мұхаммед Шағыраев және Нияз Смаилов (жоба авторы – Нұртас Бекболатов). Бұған қоса, 6 қатысушы түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Сахна төріне шыққандардың барлығына «Жобаларды басқару» тақырыбындағы семинар-тренингке жолдама берілді.

Айта кетейік, Жас мамандар күні – «Ембімұнайгаз» АҚ дәстүрлі шаралараның бірі. Биыл 4 рет өткізілді. Қызметкерлерді басқару және енбекке ақы төлеу департаментінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан іс-шара қатысушыларының басым бөлігі – Компанияға жаңадан жұмысқа алынған мамандар. Сонымен қатар, қарапайым жұмысшы мамандық иелеріне басымдық берілген.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: