Главная Новости «Жастар – сенімді серіктестер»
05 марта 2022, 07:46 1066

«Жастар – сенімді серіктестер»

«Жастар – сенімді серіктестер»

Корпоративтік университеттің өкілі жас кәсіподақшылар форумында сөз сөйледі

Еліміздің 17 өңірінен 70-тен астам кәсіподақ өкілі мен «30 Еңбек Елшісі» кәсіподақ жобасының жеңімпаздары Ақмола облысына барды.

Щучинск қаласында Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Өзгерісті өзіңнен баста!» еңбекші жастар республикалық форумы болып өтті.

Спикерлердің қатарында «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің оқыту және дамыту жөніндегі басқарушы директоры Анар Жұмашева болды. Сарапшы өндірістік жастар өкілдерімен қандай ойлармен бөлісу маңызды екенін тілге тиек етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, карантиннен кейінгі бұл шара офлайн сипатта өткен алғашқы кездесу болды. Форумның басты мақсаты – еңбек жастарының оң беделін насихаттау, кәсіподақ қызметіне тарту, еңбек құндылықтарын ілгерілету және биік белестерді бағындыру үшін тиімді әлеуметтік лифт құру.

«Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы - әлеуметтік жауапкершілік мәселесіндегі серіктесіміз. «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компаниялары мен Кәсіподақтар федерациясы жастардың дамуы, тұрақты даму қағидаттары мен қауіпсіздік мәдениетін іске асырудың маңыздылығы тұрғысында ортақ мақсат пен көзқарасқа ие. Қазір біздің алдымызда тек сыртқы көрсеткіштерді ғана емес, ішкі қабылдауды да өзгерту міндеті тұр. Жастар – бүгінде жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыратын ұрпақ. Мен форумға қатысқан жастардың бойынан сенімді серіктестерді көремін», - деп бөлісті Анар Жұмашева.

Спикер «Орнықты даму» тақырыбында сөз сөйледі.

«Біздің команда көшбасшылықты дамытуға, қауіпсіздік және орнықты даму мәдениетін өзгертуге үлкен үлес қосуда, сондықтан форум тақырыбы маған жақын. Біздің команданың барлық күш-жігері осы үш мақсатты дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, мен қатысушылармен Корпоративтік университетпен ынтымақтастықта жастар алдында ашылатын мүмкіндіктер туралы пікіріммен бөлістім. Айта кету керек, біз оң кері байланыс алдық. Жастар болашақта жаңа, сапалы жобалар жасау үшін байланыс орнатып, серіктестік қарым-қатынас түзгісі келеді», - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, форумға қатысушылар Корпоративтік университет өткізетін іс-шараларға қатысуға ниет білдірді: 25 ақпанда «HR Talks» коммуникациялық алаңын іске қосу, 1-2 наурызда HR EXPO PRO халықаралық форумына онлайн қатысу мүмкіндігі, тікелей эфирлер мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері. Сонымен қатар, қатысушылардан алдағы басқа іс-шаралар туралы ақпарат алуға болатын Telegram-арна құру туралы ұсыныс түсті.

«Мұндай шараларды өткізудің мақсаты - жастар үшін бейресми жағдайда нетворкинг құру, оқудан өту, кәсібилікті арттыру, өзін дамытудың жаңа көзқарасын қалыптастыру және әркімнің болашақты құруға қосқан үлесінің маңыздылығын сезіну мүмкіндігін жасау», - деп атап өтті Анар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: