Главная Новости "Жайлы мектеп" жобасы: 182 мердігермен келісімшартқа қол қойылды
05 қыркүйек 2023, 10:45 3077

"Жайлы мектеп" жобасы: 182 мердігермен келісімшартқа қол қойылды

"Жайлы мектеп" жобасы: 182 мердігермен келісімшартқа қол қойылды

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 369 орта білім беру нысаны салынады.

Samruk-Kazyna Construction тапсырысы бойынша 208 мектеп 2024 жылы, қалған 151 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Бүгінгі таңда 182 жайлы мектеп бойынша мердігерлермен (консорциум жетекшілерімен) ЕРС-келісімшарттарға қол қойылды. 

10 мектеп жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша салынады, оның ішінде 1 мектеп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, ал 9 мектеп дайын нысанды сатып алу тетігі арқылы пайдалануға беріледі.

12 мектеп бойынша конкурс нәтижелеріне шағым түсіп, қарастырылу үстінде. 4 жайлы мектептің мердігерлері ерекше әдіспен анықталады.

10 мектеп бойынша конкурстар қайта жарияланды. Қыркүйек айының соңына дейін конкурстық рәсімдердің қорытындысы белгілі болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: