Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша конкурстық рәсімдердің нәтижелері белгілі болды. Қорытындысы бойынша еліміздің 20 өңірінде салынатын 118 мектептің мердігері анықталды.
Байқауға барлығы 202 компания қатысып, ұзын-cаны 781 өтінім берді. Биыл 185 мектептің құрылысын бастау жоспарланған, сәйкесінше осынша лот жарияланды. 118 нысан бойынша мердігерлер бірден анықталса, 52 лот бойынша сатып алу өткізілмеді, өйткені қатысушылар біліктілік талаптарына сай келмеген. Тағы 15 лот жойылды.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 1 мектептің құрылысына конкурс жарияланды, алайда мердігерді анықтау мүмкін болмады. Алматы облысында жарияланған 24 лоттың 7-уі бойынша жеңімпаз анықталса, қалған 17 мектеп бойынша мердігер анықталмады.
Конкурс нәтижелерімен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алу бойынша онлайн-платформасында танысуға болады (skcn.qaz.network).
Айта кетейік, қазіргі конкурстардың жалпы қорытындысы жарияланғаннан кейін жеңімпаз анықталмаған лоттар бойынша сатып алу рәсімдері қайта өткізіледі.
Жеңімпаздар ұлттық жоба операторы Samruk-Kazyna Construction компаниясымен ЕРС-шартқа қол қояды. Осылайша, мердігер компания мектепті жобалау (Engineering), жабдықтарды сатып алу (Procurement) және құрылыс (Construction) жұмыстарын біріктіреді.
ЕРС-шарттарға қол қойылғаннан кейін мектептерді жобалау басталады. Жобалаумен қатар мектеп құрылысы жоспарланған жер учаскелерінде аумақты тазалау, уақытша инженерлік желілерді тарту, қоршау орнату сияқты дайындық жұмыстары басталады.
Нысандар дайын күйде тапсырылады, яғни құрылысты да, жарақтандыруды да конкурста жеңіске жеткен компания жүргізетін болады. Яғни, жиһаз, сантехника, интерактивті жабдықтар үшін жеке-жеке лоттар болмайды. Конкурсқа қатысушыларға нысандарды салу және жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды орындау мақсатында материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін консорциумдарға бірігуге мүмкіндік берілді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
161
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»