Главная Новости «Жайлы мектеп» жобасы бойынша кездесу Шығыс Қазақстан облысында болды
23 ақпан 2023, 11:30 1607

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша кездесу Шығыс Қазақстан облысында болды

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша кездесу Шығыс Қазақстан облысында болды

Өскемен қаласында жұмыс сапарымен жүрген «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесті.

Кеңеске құрылыс, сәулет және қала құрылысы, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірінші кезектегі шаралар: жер телімдерін бөлу, инженерлік коммуникациялар жүргізу, құрылыс материалдары мен жабдықтарын отандық жергілікті өндірушілердің қатысуы қарастырылды. Шығыс Қазақстан облысында ұлттық жоба аясында 10 мектеп салу жоспарлануда, оның 3-і облыс аудандарында (2024 жылы 7 мектеп, ал 2025 жылы 3 мектеп құрылысын аяқтау жоспарлануда).

Кездесу барысында отандық құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар салу перспективалары туралы пікір алмастық. Өскемен қаласында ескі тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асыру мәселесі жан-жақты қаралды.

Тұрғын үй құрылысы бойынша және құрылыс материалдарын импортты алмастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде бірлескен жұмысты жандандыруға өзара дайындық білдірілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: