Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ атына жолдаған алғыс хатында ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы біздің қызметімізге назар аударғаныңыз және мониторинг департаментінің топ жетекшісі Қуат Әубәкірұлы Жылқыбаевтың қазақстандық «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу-2024» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді. Біздің қауымдастық осы көрмені ұйымдастырушылардың бірі болып табылады», - делінген «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтың атына келіп түскен хатта.
Сондай-ақ, биыл көрмеге жақын және алыс шетелден, нақтырақ айтсақ Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Австрия, Әзірбайжан, Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Малайзия, Түркия және Өзбекстан сияқты 9 мемлекеттен 160-тан астам кәсіпорындар мен компаниялар қатысқан.
Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында ҚР ЖАӨӨКҚ ұйымдастыруымен «Жайлы мектеп» жобасының ағымдағы жағдайы» тақырыбында жұмыс кеңесі өтті, оған Samruk-Kazyna Construction компаниясынан Қуат Жылқыбаев, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Марат Әмірин, қауымдастық басшысы Қанат Ибраев және еліміздің барлық өңірлерінен келген жиһаз өндірушілері қатысты. Кәсіпкерлер проблемалық сұрақтарды көтеріп, спикерлерден нақты әрі толық жауап алды.
«Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық жоба бойынша іске қосылатын мектептерді жарақтандыру үшін жиһаз өндірушілері мектеп жиһазын толық көлемде әзірлеу бойынша жұмысқа кірісуге дайын екенін хабарлаймыз», - делінген алғыс хатта.
ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығы өзара ынтымақтастықтың жалғасатынына сенімді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
219
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи