Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жуық арада сауалнама қорытындысын жариялайды.
Жайлы мектептердің сәулеті мен дизайнын бүкілхалықтық талқылау аяқталды. 11-17 қыркүйек аралығында қазақстандықтар заманауи білім ошақтарының жобасы туралы өз пікірлерін ашық білдіре алды. Ол үшін арнайы сауалнамадан өту қажет болды.
«Талқылауға қатысып, белсенділік танытқан азаматтарға алғысымыз шексіз. Сіздер жолдаған ұсыныстар мен ескертпелердің біз үшін маңызы зор», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов.
Талқылау жалғасқан бір апта ішінде азаматтардан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын білім ошақтарының архитектуралық шешімдері, ішкі жабдықталуы және безендірілуіне қатысты 6132 пікір мен ұсыныс келіп түсті.
Ұлттық жобаны іске асыру және өңірлерді дамыту департаментіндегі жобалау бөлімінің мамандары барлық жауаптарды қабылдап, өңдеуге кірісті. Сындарлы ескертулер мен ұсыныстар жаңа форматтағы мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасына ендіріледі.
«Біз отандастарымыздың ұсыныс-тілектерін мұқият зерделеп, ескеріп, жобаларға толықтырулар енгіземіз. Сауалнамаға түрлі мамандық өкілдері қатысты. Азаматтардың бұл маңызды шарадан шет қалмағанына қуаныштымын. Біздің барлық күш-жігеріміз балаларды жайлы және заманауи білім ошақтарымен қамтамасыз етуге бағытталған»,- деді Samruk-Kazyna Construction басшысы.
Қазіргі уақытта деректерге егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп жатыр. Респонденттердің басым бөлігі 24 пен 34 (30%) және 35 пен 44 (50%) жас аралығындағы азаматтар. Бұл жас қазақстандықтардың елдегі білім беру сапасы мен жағдайларын жақсартуға бей-жай қарамайтынын көрсетеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона