Главная Новости «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы құрылыс саласында жаңа тренд қалыптастыруда
27 қазан 2023, 12:31 2702

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы құрылыс саласында жаңа тренд қалыптастыруда

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы құрылыс саласында жаңа тренд қалыптастыруда

«Самұрық-Қазына» АҚ-да Samruk-Kazyna Construction компаниясының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысына арналған ашық баспасөз брифингі болды.

Жайлы мектеп – жобалық басқару арқылы жүзеге асырылып жатқан алғашқы ауқымды жоба. Ұлттық жобаның маңыздылығына ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан тоқталды.

«Бір ғана жайлы мектептің құрылысы мен қолданысқа тапсырылуы 20 кезеңге біріктірілген мыңнан астам тапсырманың жүзеге асырылуын көздейді. Ұлттық жобаның тиімді іске асырылуы үшін қажетті нормативтік база жасалды. Сонымен қатар, сапалы және тиімді оқу процессін ұйымдастыру мақсатында бірқатар шаруа атқарылуда. «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясындағы директорлар корпусы дайындалып, оқу бағдарламасы жаңартылып жатыр», - деді Еділ Оспан баспасөз брифингінде.

SK Construction отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеді.

Бірінші кезекте қазақстандық өндірушілерді тапсырыспен қамтамасыз ету арқылы бөлінген қаражат ел экономикасын дамыту үшін жұмыс істеуі керек. 

«Жайлы мектептерге арналған жиһаз тек отандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Тиісті өзгеріс Үкімет Қаулысына енгізілді. Бастысы кәсіпорындар «Самұрық-Қазына» қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының отандық тауар өндірушілер реестрінде болуы тиіс. Тағы бір талап - ОТӨ мәртебесін ресми түрде растайтын «СТ-KZ» сертификатының болуы», - деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

2023-2024 жылдары 208 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысы бойынша 2023-2024 жылдары 208 мектеп салынуы тиіс. Ал жобаның екінші кезеңінде, яғни 2024-2025 жылдар аралығында 151 мектеп салу жоспарлануда.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде мектептерді жобалау, салу, жабдықтау және дайын күйінде тапсыру бойынша мердігерлермен 204 келісімшарт жасасты», - деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы құрылыс саласында жаңа тренд қалыптастыруда.

«Әр жайлы мектептің құрылыс барысын тұрақты бекітілген 3 техникалық қадағалау сарапшысы бақылайтын болады: жалпықұрылыс нормалары бойынша сарапшы, инженерлік желілер бойынша және технологиялық құрылғылар бойынша сарапшы. Мамандар апта сайын құрылыстың сапасы мен мерзімі бойынша есепті электрондық кросс-платформаға жүктейді. Бұл – жаңашылдық, өйткені әдетте бір инспектор бірнеше жобаны бақылайды», - деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: