Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
2022 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мақұлданды. Ұлттық жобаның артықшылықтарын атап өтіп, ҚР Премьер-Министрі А.А. Смайылов жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы жылдың соңына дейін 2023 жылы мектеп салуға жер телімдерін беруді және учаскелерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды тапсырды.
ҚР Үкіметінің отырысы трансляциясы аяқталғаннан кейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Қоғам қызметкерлерімен кеңес өткізді. Мәулен Айманбетов Қоғам алдында 2023-2025 жылдары 842 мың орынға арналған 401 мектеп салу бойынша шұғыл және жауапты міндет тұрғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта Қоғам «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру үшін қажетті ресурстарды жоспарлауды жүзеге асыруда. Мониторинг жүйесі үшін ашықтықты қамтамасыз ететін және еліміздің кез келген азаматына мектеп құрылысының барысын онлайн режимде қадағалауға, салынып жатқан мектеп бойынша қызықтыратын құжаттармен танысуға мүмкіндік беретін цифрлық платформаны таңдау бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр.

Ұлттық жоба шеңберінде салынған мектептер ойластырылған сәулет-жоспарлау шешімдерімен, заманауи жабдықтармен және отандық өндірістің жиһазымен жарақтандырумен ерекшеленетін болады. Ұлттық жобаны іске асыру мектептердегі үш ауысымдық, апаттық, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын жоюға мүмкіндік береді. Барлық 401 мектепте бірыңғай стандарт бойынша қалаларда да, ең шалғайдағы ауылдық елді мекендерде де оқушылар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін және қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз етуге басымдық беріледі.
Мектеп объектілерін салу және іске қосу процесінде 100 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
160
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете