Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұсынған пилоттық жобаның 3D-визуализациясының көмегімен Қазақстан тұрғындары салынып жатқан жайлы мектептердің ішкі жабдықталуы бойынша соңғы талқылауға қатысты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан пилоттық білім беру жобасы апатты мектептердің, үш ауысымды оқытудың проблемаларын шешуге, сондай-ақ қала мен ауыл мектептерінің арасындағы жарақтандыру айырмашылығын жоюға бағытталған.
Виртуалды саяхатқа қатысқан 312 респондент арасында интерьер дизайнерлері, қаржы ұйымдарының өкілдері және басқа да маман иелері бар. Бастысы сауалнамаға қатысушыларының жартысына жуығы жоба игілігін көретін пайдаланушылар: бастауыш және жоғары сынып мұғалімдері, психологтар мен тәрбиешілер, оқушылар мен олардың ата-аналары және оқу орындарының директорлары.
Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (93 пайызы) ұсынылған интерьер шешімдерін мақұлдап, қолдауларын білдірді. Өзгелері «Samruk-Kazyna Construction» акционерлі қоғамымен мектеп интерьерін жақсарту бойынша өз идеяларымен бөлісті.
Сауалнамаға қатысу барысында ерекше белсенділікті 40-59 жас аралығындағы тұрғындар (50 пайыздан жоғары), сонымен қатар 20-35 жас аралығындағы жастар (30 пайыз) көрсетті. Бұл жобаның халық үшін өзекті екенін айқындап, оның Қазақстан болашағын дамыту мен әлеуметтік прогресті жетелеудегі әлеуетін көрсетеді.
«Біздің әр бастамамыз белгілі бір мақсатқа негізделеді - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысына негізгі пайдаланушыларды барынша тарту. Біз ел тұрғындарының барлық ұсыныстарына аса мән береміз, өйткені жоба шын мәнінде ауқымды және кәсіби шешімдерді ғана емес, сонымен қатар болашақ пайдаланушылардың бағасын талап етеді. Сауалнамаға ауылдық елді мекендердің тұрғындары (респонденттердің 42 пайызы) белсенді қатысқанын атап өту маңызды. Бұл сауалнаманың арқасында азаматтар 360 градустық көріністе 3D форматта шолу жасап, ішкі интерьер шешімдерін толық зерттей алды. Біз келіп түскен барлық жауаптарды өңдеп, балалар үшін жайлы білім беру ортасын қамтамасыз етуге қажет Қазақстан тұрғындарының орынды ұсыныстарды іріктеп аламыз. Кейін оларды мектеп жобаларына енгізуге мүмкіндік беретін қадамдарға кірісеміз. Біз уақытын бөліп, сауалнамаға қатысқан әр азаматқа алғысымызды айтамыз», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.