Главная Новости Жайлы мектептер отандық жиһазбен қамтылады
17 маусым 2024, 14:03 322

Жайлы мектептер отандық жиһазбен қамтылады

Жайлы мектептер отандық жиһазбен қамтылады

Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП алаңында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері отандық тауар өндірушілермен кездесті. Осыған дейін хабарланғандай, жайлы мектептерге арналған жиһаз өнімдері тек қазақстандық бизнестен сатып алынады. Қазіргі уақытта парта, орындық пен шкафтарды шығаруға шарт жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Кәсіпкерлердің ұлттық жобаға қатысуына қатысты өзекті мәселелер кеңесте талқыланды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы апаттық мектептер мен үшауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған. Саны бойынша ең көп білім ошағы тапшылық өткір тұрған аймақтарда бой көтеріп жатырМысалы, 2023-2025 жылдар аралығында Алматы қаласында 22 жайлы мектеп салу жоспарланған. Алматы облысында ұлттық жоба аясында тұрғызылатын оқу орындарының саны 53-ті құрайды. Нысандарда балалар үшін қолайлы, қауіпсіз және кедергісіз орта құруға көңіл бөлінген. Одан бөлек, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында құрылыс материалдары мен жиһаздарды қазақстандық бизнес өкілдерінен сатып алуға да ерекше назар аударылады.

«Атамекен» палатасы мектептерді жабдықтауға арналған құрылыс материалдарын, жиһаз, жабдықтарды өндірушілердің базасын жаңартып, отандық тауар өндірушілердің тізімін жасады. Кәсіпкерлер кез-келген уақытта электрондық базаға кіріп, өз деректерін тексере алады. Тауар қай жерде өндірілгені туралы сертификаттарды алу процесі де толығымен автоматтандырылған.

Алматы қалалық «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова атап өткендей, бүгінде Алматыда мектептерді қажетті жиһаз және жабдықтармен қамтамасыз етуге қауқарлы кәсіпорындар бар. Ұлттық жоба аясындағы тапсырыс көлемі компанияларға өндірісті сенімді түрде кеңейтуге және кәсіпорындарды жаңа деңгейге жетелеуге мүмкіндік береді. Алайда, отырысқа қатысушылар сатып алудың ашықтығына алаңдаушылық білдіруде. Сондай-ақ, жосықсыз дистрибьюторлардың арзан, сапасыз әрі импорттық тауарларды әкелу қаупі жоғары дейді жиналғандар.

Мұндай қауіп-қатер ұлттық жобаның бірыңғай дирекциясымен бірден ескерілген болатын. Сондықтан «Е-Qurylys» ақпараттық жүйесі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының базасымен біріктірілді. Орындалған жұмыс актілерін толтыру кезінде мердігер ұйымдар сатып алынған әрбір тауарды және оның өндірушісін көрсетуге міндетті. Егер кәсіпкер ОТӨ тізіліміне енгізілмеген болса және оның индустриялық сертификаты немесе "СТ-KZ" болмаса, онда платформа оны өткізбейді. Яғни, жиһаз үшін ақша төленбейді.

«Біз дирекция ретінде құрылысқа пайдаланылатын материалдар мен жабдықтауға қажет жиһаз, техниканың сапасына ерекше назар аударудамыз. Мәселен, жиһаз өте ыңғайлы әрі функционалды болуы тиіс. Интерактивті техника қажетті бағдарлама, браузерлермен қамтылуы тиіс. Әрі оқушылардың денсаулығы мен көру қабілетіне зиянын келтірмегені жөн. Бұл кәсіпкерлерге жүктелген маңызды жауапкершілік»,- деп атап өтті «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров.

Басқа да өзекті мәселелерді жылдам шешу үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері мердігер ұйымдардың, «Атамекен» ҰКП және отандық тауар өндірушілердің қатысуымен үлкен кездесу өткізуді ұсынды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: