Главная Новости Жайлы мектептерді басқарудың жүйесіне қатысты құжаттарға өзгеріс енгізіледі
27 қыркүйек 2024, 12:49 155

Жайлы мектептерді басқарудың жүйесіне қатысты құжаттарға өзгеріс енгізіледі

Жайлы мектептерді басқарудың жүйесіне қатысты құжаттарға өзгеріс енгізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрілігі жайлы мектептерді басқару жүйесіне қатысты түсінік берді. 

«Қазіргі кезде министрлік тиісті жұмыс тобын құрып, аталған мәселе бойынша жұмыстарды іске асырып жатыр. Жайлы мектептерді басқарудың арнайы жүйесі бойынша ұсыныстар талқыланып, тиісті құжаттарға өзгерістер енгізіледі», - делінген Оқу-ағарту министрілігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында. 

Сонымен қатар ведомство әкімдіктермен бірлесіп 1 300 мектепті реконструкциялау мәселесін пысықтап жатқанын хабарлады.

«Жыл соңына дейін мектептердің тізімін және атқарылатын жұмыстардың тізбесін айқындау жоспарланған», - деп нақтылады министрлік. 

Еске салсақ, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Үкіметке жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді тапсырды.

Президент өзінің Жолдауында еліміздегі 1,3 мың мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін айтты.

«Үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеушілерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: