Главная Новости Жайық жағалауынан Теңізге дейін: KMG PetroChem «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдады
27 апреля 2026, 13:43 41

Жайық жағалауынан Теңізге дейін: KMG PetroChem «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдады

Жайық жағалауынан Теңізге дейін: KMG PetroChem «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдады

KMG PetroChem қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, Жайық өзенінің жағалауындағы арнайы бөлінген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізуге шықты. Басқарма Төрағасының бастауымен команда жағалау аймағын және белгіленген аумақты тұрмыстық қалдықтардан, металл сынықтарынан, қураған өсімдіктерден тазартты.

Барлық жұмыстар еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып – ұқыпты әрі ұйымдасқан түрде жүргізілді. Жағалауды тазалау барысында тасталған балық аулау торларынан тұзаққа түскен өзен жануарлары құтқарылды. Олар мұқият босатылып, табиғи мекен ету ортасына қайта жіберілді.

Акцияға Теңіздегі Газ бөлу кешенінің құрылыс алаңында да қолдау көрсетілді. Қызметкерлер мердігермен бірге аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп, экологиялық жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениеті күнделікті жұмыстың ажырамас бөлігі екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Сонымен қатар, CCIC вахталық қалашық аумағында шамамен 200 ағаш отырғызды. Мұндай қадамдар қоршаған ортаға деген қамқорлық күнделікті шешімдердің ажырамас бөлігіне айналатын мәдениетті қалыптастырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: