Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жайықмұнайгаз» МГӨБ «Оңтүстік – Батыс Қамысты» кен алаңының сусыздандыру-тұзсыздандыру операторы Төлеміс Кубаханов пандемия жағдайында жұмыс істеу жайлы әңгімелейді.
«Медальдің екі жағы бар» дегендей, айналамызда болып жатқан әрбір оқиға біздің иығымызға салмағын салумен қатар, біраз шыңдап алатыны рас. Коронавирус пандемиясы біраз әуреге салды, кейбір жайттарға қатысты ойлантып та тастады. Айналамыздағы болып жатқан өзгерістерге көзқарасымызды өзгертті. Қолдағы бардың қадірін білуді, әріптеспен байланыстың қаншалықты маңызды екендігін, ұжымішілік байланысты нығайтудың қажеттілігін ерекше ұғындық.
«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген сөзде қаншама мағына жатыр?! Шын мәнісінде, пандемия кезінде біз жұмыла білдік. Осы орайда, компания басшылығы бекіткен әрбір шешімге зор түсініспеншілікпен қарадық. Басшылық тарапынан тұрақты таратылған Үндеу, шешімдердің негізінде эпидемиологиялық жағдайға тез бейімделдік. Өндірістің жұмыс жоспары қайта құрылды. Вахта мерзімінің алғашында 56 күнге, кейіннен 28 күнге ұзартылуы – сол кезде қажеттіліктен туындаған шешім екендігін жақсы ұғындық. Вахтаға әр кірген сайын ПТР тестілеуінен өту, карантиндік оқшаулауда болу – қарапайым мұнайшының денсаулығы үшін жасалып жатқан қадамдар болды. Атырау облыстық бас санитарлық дәрігердің бекіткен алгоритміне сай сақтық іс-шаралары қолға алынды. Басшылық мұны жіті назарда ұстады.
Коронавирус дерті бастау алған бір жылды артқа тастадық, біраз қиындық та артта қалды. Ұжымдағы бірліктің арқасында бүгінде Ембінің барлық кен орындары штаттық режимде қалыпты жұмысқа кезең-кезеңімен көшіп жатыр. Вахта мерзімі де қалыпқа келуде. Алайда, індет қаупі түбегейлі жойылған жоқ. Біздер адамдар көп шоғырланған жерлерге бармай, бетперде тағу, антисептиктерді пайдалану сияқты сақтық шараларын толық сақтауды үнемі назарда ұстап отырамыз.
(«Ембімұнайгаз» АҚ facebook парағынан)
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
60
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
63
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы