Главная Новости Жазда пойызбен қайда баруға болады: Қазақстан бойынша танымал бағыттар
25 мая 2026, 15:05 31

Жазда пойызбен қайда баруға болады: Қазақстан бойынша танымал бағыттар

Жазда пойызбен қайда баруға болады: Қазақстан бойынша танымал бағыттар

Жазғы маусымда жолаушылар арасында Алакөл және Балқаш көлдеріне, Каспий теңізі жағалауына, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Бурабай курорттық аймағының бағыттары дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие.

Алакөл Ең сұранысқа ие курорттық бағыт Алакөл көлінің жағалауы болып қалып отыр. Курорттық аймаққа Астана, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Қызылорда облыстарынан 15 маршрут бойынша пойыздар қатынайды. 10 маршрутқа «Жолаушылар тасымалы» АҚ, тағы 2-іне жеке тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Жазғы маусымда Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға 230 мыңға жуық орын ұсынады. Алакөлге дейінгі барлық пойыз вагондары ауа баптағыштармен жабдықталған.

Балқаш

Балқаш көліне пойыздар 8 маршрут бойынша жүреді. Жазғы кезеңде осы бағыт бойынша жолаушылар ағыны орта есеппен 45 мың адамды құрайды.

Бурабай Бурабай курорттық аймағына дейін 16 маршрут бойынша пойыздар қозғалысы ұйымдастырылды. Жазғы жолаушылар ағыны орта есеппен 65 мың жолаушыны құрайды.

Түркістан Түркістанға 16 маршрут бойынша пойыздар қатынайды. Жазғы маусымда жолаушылар ағыны шамамен 60 мың жолаушыны құрайды.

Ақтау Ақтауға дейін пойыздар 7 маршрут бойынша жүреді. Жазда жолаушылар ағыны орта есеппен 155 мың адамға жетеді.

Сарыағаш Сарыағашқа 5 пойыз қатынайды. Жазғы кезеңде жолаушылар ағыны 9,5 мыңға жуық жолаушыны құрайды. Темір жол маршруттарының ең көп саны Астанаға тиесілі - 36. Оларды ай сайын орта есеппен 130 мыңға жуық жолаушы пайдаланады. Оңтүстік бағытқа қатынайды: – Алматыға дейін 26 маршрут; – Шымкентке дейін 18 маршрут. Ай сайынғы жолаушылар ағының құрайды: – Алматы – 155 – 160 мың жолаушы; – Шымкент – 70 мыңға жуық жолаушы. Жазғы кезеңде Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен барлығы 4,2 млн-нан астам жолаушы тасымалдау жоспарлануда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: