Главная Новости Желден қуат алу құпиясы...
24 қыркүйек 2018, 10:14 3337

Желден қуат алу құпиясы...

Желден қуат алу құпиясы...

Оны елдегі баламалы қуат көздерін енгізуші көшбасшылардың қатарындағы «Самұрық-Энерго» компаниясының өкілдері біледі. Мәселен, Ақмола облысындағы Ерейментау қаласының маңында орналасқан өнеркәсіптік үлгідегі алғашқы Жел электр станциясының (ЖЭС) пайдалануға берілгеніне ағымдағы жылғы тамызда 3 жыл толды.

2015 жылғы 14 тамызда Ерейментау ЖЭС бойынша Мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті алынып, сол жылы 11 желтоқсанда жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа станцияның өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға берілгені туралы баяндалғаны белгілі.

Қуаты 45 МВт, 60 гектар аумақтағы станция осы кезең ішінде 500 млн кВт/сағ астам электр энергиясын өндірген, яғни белгілі бір дәрежеде өз қажеттілігін дәлелдеді. Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС іске асырған жоба Ақмола облысының энергия балансын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосуда.

Компанияның жел қуаты паркі әрқайсысының қуаты 2,05 МВт болатын 22 жел қондырғысынан және жаңа 220/35КВ шағын станциядан тұрады. Мұнарасының биіктігі 85 метр жел «диірменін» пайдалану кезеңінде 23 жұмыс орны ашылған, соның ішінде 12 адам – Ерейментау қаласының тұрғындары.

«Жылдық өнімділік 172 миллион киловатты құрап отыр. Бұл көрсеткіш 60 мың көмір жаққанмен пара-пар. Осылайша біз ауаға зиянды қалдықтардың таралуын қысқартып келеміз», - дейді «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры Марлен Ізбасқанов.

Бұл ЖЭС жұмысы органикалық отынды мен көмірқышлық шығарындыларынсыз, жылына 172,2 млн кВт/сағ электр энергиясын  өндіруге мүмкіндік береді. Өндірілетін электр энергиясының толықтай Қазақстанның ұлттық электр желісіне келіп түседі. Айта кетейік, Ерейментау ЖЭС өндірген энергияның есебінен «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің нысандары электрмен қамтамасыз етілген.

Жалпы бүгінде «Самұрық-Энерго» кәсіпорындары өндіретін электр энергиясының құрылымында жаңартылатын энергия көздерінің (күн, жел, шағын су-электр станциясы) үлесіне жалпы белгіленген қуаттың 1,5% тиесілі екен. 2017 жылы қазақстандық жасыл энергияның әрбір үшінші  киловатт-сағатын «Самұрық-Энергоның» еншілес кәсіпорындары өндірген.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған ұзақ мерзімді Даму стратегиясына сай, компания «Жасыл экономика» қағидаттарына көшу үшін стратегиялық инвестормен бірлесе отырып, жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асырмақшы.

«Аталған құжатқа сай, алдағы уақытта Ерейментау қаласында жалпы қуаты 50 мегаватт болатын Жел электр станциясының құрылысын жоспарлаудамыз. Бүгінде осы іске қызығушылық танытатын инвесторлар іздеудеміз. Еліміздің жел-энергетикалық әлеуетінің атласын жасап, өңірлердің ерекшелігіне байланысты күн энергетикасына да назар аударудамыз», - дейді «Самұрық-Энерго» АҚ өкілі Әнуар Әбітаев.

Сарапшылар ЖЭС артықшылығы ретінде, оның күн батареяларына қарағанда бұлтты ауа райында да жұмыс істей берейтінін нұсқайды.

ҚР Энергетика министрлігінің дерегінше, Қазақстанда қазіргі уақытта белгіленген жалпы қуаты 336 МВт жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын 55 кәсіпорын жұмыс істейді.

Шетел тәжірибесі

Жел энергетикасы демекші, Америка құрама штатында бұл қуаты көзінің бағасы күрт арзандауда. Кәсіпорындарға киловатт/сағатқа небары 2 центке ұсынылып жатыр екен. Ал 2009 жылы жел энергетикасы бойынша бір киловатт 7 цент тұрған.

Сала сарапшыларының пікірінше, кейбір штаттарда жел қуаты дәстүрлі электр бекеттерімен бәсекеге қабілетті болатындай дәрежеге жетіп қалыпты, яғни газ-көмір кешені тараптарын да ығыстыруы ғажап емес. Айова, Канзас, Оклахома және Оңтүстік Дакота өлкелерінде жел «диірмендері» барлық электр энергиясының 30%-ын өндіретіндей дәрежені еңсерген.

Әсіресе, Американың орталық аймақтарында баға қатты төмендеген. Бұған қазіргі заманғы технологияның қарыштап дамып, жел генераторларының қуаты 1998 жылмен салыстырғанда 224 пайызға өскен.

АҚШ Энергетика министрлігі жариялаған мағлұматқа жүгінсек, сәйкесінше тұтас корпорациялар мен мекемелер желден қуат алуға салмақты түрде көңіл бөліп, ұзақ мерзімді уағдаластықтарға отыра бастаған.

Бұған дәлел, әлемге әйгілі General Electric жаңа буындағы 12 МВт турбинасын әзірлеуде екен. Жоба құны – $400 млн, нарыққа 2021 жылы шығарылмақ.

2018 жылдың екінші тоқсан қорытындысында Америкадағы Жел электр станцияларының бекітілген қуаты 90 ГВт белесінениасып түсіп, таза энергетиканың басты көзіне айналған. Бұл жерде де Walmart, AT&T, Grupo Bimbo және Merck & Co сынды ірі ойыншылар негізгі тұтынушылар болуда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: