Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"ҚТЖ" ҰК" АҚ орталық кеңсесінде Компанияның Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың төрағалығымен теміржол көлігіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері талқыланғаны хабарлануда. Ал бұл қоғам дерті тасымал саласында өзекті болып тұр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро өкілдері теміржол көлігі жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін саралаудың қорытындылары туралы хабардар еткен. Кәсіпкерлік субъектілерінен заңсыз сыйақылар алу, бақылаушы органдарға пара беруге байланысты жүк және жолаушылар тасымалы саласындағы заңбұзушылықтардың жүйелілігі атап көрсетілген.
Сауат Мыңбаев теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлықтық бұзушылықтарды жасауға сеп болатын жағдайлар мен себептерін жою жөніндегі шараларды қабылдау қажеттігін келтірді және тасымал процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Осы орайда Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының барлық қызметкерлері аттестациядан өтпек. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыру және лауазымын көтеру жүйесі қайта қаралып, бұл қадам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуы тиіс.
Қазіргі кезде құрамына «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері кірген жұмыс тобы құрылған.
401
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!