Главная Новости Жеңілдетілген пойыз билетін қалай рәсімдеуге болады?
24 қыркүйек 2021, 09:22 984

Жеңілдетілген пойыз билетін қалай рәсімдеуге болады?

Жеңілдетілген пойыз билетін қалай рәсімдеуге болады?

2021 жылдың шілдесінің соңынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар теміржол вокзалдарындағы кассалар арқылы емес, онлайн режимінде жеңілдікпен пойыз билеттерін сатып ала алады. Ол үшін жолаушыға eGov mobile ұялы телефонынан алуға болатын ЖСН мен 6 санды әлеуметтік жеке код қажет.

Темір жол билетін жеңілдікпен онлайн ресімдей тәртібі:

Egov Mobile арқылы әлеуметтік жеке куәлікті алу  үшін Egov мобильді қосымшасын AppStore немесе PlayMarket -тен жүктеп алу керек. Егер сіз тіркелмеген болсаныз, алдымен тіркелу керек. Тіркеу нұсқаулары мына сілтемеде бар.

Кейін «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Әлеуметтік ID» құжатын таңдаңыз, содан кейін құжатқа кіруді ашыңыз және 6 санды әлеуметтік куәлік алыңыз.

Маңызды! Саяхат кезінде мүгедектікті растайтын құжаттың түпнұсқаларын өздеріңізбен бірге алуыңыз қажет.

 

Дереккөз: Қазақстан теміржолшысы

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: