Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да (ҚМГ) «Жер — біздің ортақ үйіміз» атты экологиялық тақырыпта балалар суреттерінің байқауы өтті. Оған ҚМГ қызметкерлерінің балалары қатысты.
Балалар шығармашылық жұмыстары арқылы өздерінің экологиялық ойларын — табиғатқа қамқорлық жасауды, таза және үйлесімді әлемге ұмтылуды жеткізді.
5-8 жас аралығындағы жеңімпаздар:
1-орын — Айбар Әбіш;
2-орын — Ержан Сүлейман;
3-орын — Мәди Сатыбалдин.
9-12 жас аралығындағы жеңімпаздар:
1-орын — Әсия Көшімбаева;
2-орын — Ерқанат Асланұлы;
3-орын — Каролина Поддубная.
ҚМГ байқауға қатысқан жас суретшілерге белсенділігі, шығармашылығы және табиғатқа деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіреді.