Главная Новости Жетібай кенорнында есептік кездесулер өтті
22 шілде 2022, 14:00 1650

Жетібай кенорнында есептік кездесулер өтті

Жетібай кенорнында есептік кездесулер өтті

«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Дәулетжан Хасановтың 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ұжым алдындағы есептік кездесуі болды.

Шараға Басқарма мүшелерімен қатар Бас директордың орынбасарлары, құрылымдық және өндірістік құрылымдық бөлім басшылары, кәсіподақ жетекшілері және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты цехтар мен кенорында қызмет ететін құрылымдық бөлімдердің жумысшылары қатысты.

Жауапты қызметкерлер Компанияның өндірістік, қаржылық және әлеуметтік жағдайына кеңінен тоқталып, мекеменің бүгінгі бүгінгі ахуалы мен алға қойылған ауқымды мақсаттары туралы айтып өтті. Әсіресе өндіріс ауқымын кеңейту, жұмыс процесстерін жетілдіру, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту тақырыбы егжей-тегжейлі талқыланды.

Бас директор Дәулетжан Хасанов мырза өндірілген шикізат көлемі мен одан түскен қаражат және таза пайда, кадрлық саясат және оны оңтайландыру амалдары, мұнйашылардың біліктілігін арттыру, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру секілді көптің көкейінде жүрген негізгі мәселелерді де тарқатып айтып кетті.

Кездесу дәстүрлі сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды. Жұмысшылар өздерін толғандырған мәселелер мен сұрақтарын алға тартып, Басқарма басшысынан және мәселеге жауапты қызметкерлерден тұшымды жауабын алды. Ал сол жерде жауабы табылмаған сұрақтар хаттамаға енгізіліп, жауабы сұрақ иесінің қаперіне қысқа мерзімде жеке жеткізілетін болып келісілді.

Енді кездесулер Қаламқас кенорнында жалғасатын болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: