Главная Новости Жетібай мұнайшылары әріптесін құрметті еңбек демалысына шығарып салды
22 қаңтар 2024, 08:45 796

Жетібай мұнайшылары әріптесін құрметті еңбек демалысына шығарып салды

Жетібай мұнайшылары әріптесін құрметті еңбек демалысына шығарып салды

Баян Алдоңғарова – 1962 жылы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді. Сегіз жасқа толған шағында ата-анасының жұмыс жағдайымен Жетібай ауылына көшіп келген болатын. Әкесі Алдоңғаров Әбді АТП-3 автобазасында көлік жүргізушісі қызметін атқарды. Отбасының ұйытқысы болған жары Боранбаева Көмек апай екеуі көп балалы отбасына айналды.

Ол кездер бір жақсы естелікке толы уақыттар болатын. Каспий маңының сусыз шөлейт даласы бала Баянның көз алдында өзгеріп жатты. Маңғыстау мұнай кеніштері жылдам қарқынмен игеріліп, бір жолға түскен кездер еді. Жолдар, мұнай және газ кен орындарына баратын кіру жолдары, жоғары вольтты ток желілері, су және мұнай құбырлары салынып, далалықта бұрғылау қондырғылары пайда болып, мұнай ұңғымалары бой түзеген уақыт.

Тез арада жаңадан құрылған аудан орталықтары Жаңаөзен, Жетібай, Ералиев елді мекендері, бой көтеріп, дамудың даңғыл жолына түскен кездер. КСРО-ның түкпір-түкпірінен маман мұнайшылар ағыла бастады, олардың басым бөлігі комсомол жастар болатын. Жұмысқа орналастыру, кәсіби даярлық, сондай-ақ, баспана жағдайын шешу мұнай кәсіпшілігі басшылығының құзырында еді. Мектепті ойдағыдай аяқтаған жасөспірім Баян қаладағы ГПТУ училищесіне токарь мамандығына оқуға түсті. Оны абыроймен аяқтап, 1982 жылы «Жетібаймұнайгаз» ӨБ механикалық цехынан еңбек жолын бастады. Алғашында Баймағанбетов Махамбет ағай токарьлық жұмыстың қыр-сырына баулыған болатын. Кейін қағаз жазатын адам болмай, табельші болып ауысты. Міне, сол уақыттан бері Баян Әбдіқызы бір жерден табан аудармай 41 жылдан аса жұмыс жасап келеді.

Баян апай қызмет ететін механикалық цехты «өндірістің жүрегі» деп айтуға болады. Осы жерде барлық өндіріске керекті жабдықтардың бөлшектері жасалады. Өндірістің тоқтап қалмауына үздіксіз қызмет жасап жатқан темір жонушыларды мақтанышпен айта аламыз. 60-қа жуық жұмысшы еңбек ететін цех ұжымы әрқашан бірліктің биік үлгісін көрсетіп келеді. Осындай өнегелі ұжымның ай сайын табелін жабу, түрлі есеп берулерді дайындау, жұмысшыларға қажетті керек-жарақтарды тізім бойынша тарату сияқты толып жатқан жұмыста тер төгіп, осы саланың жауапты қызметін абыроймен атқарып келе жатқанына биыл қырық жылдан асып отыр.

Еңбек тарихындағы осы жылдар өз нәтижесін берді. Басшылық тарапынан алған алғыс хат, медальдары соның дәлел.

«Мен тап болған ұжым – өте тату, қай-қайсысына болсын еңбекқорлық, көпшіл, бауырмал қасиеттер тән азаматтардан құралған. Әрдайым бір-бірімізді қолдап, күш-қайраттары мен ерік-жігерлерін бір арнаға ғана тоғыстыра білген жандармен бірге жұмыс жасаудамыз. Барлығымыздың да мақсатымыз бір – ол тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты елдің одан әрі гүлденуіне атсалысу, үлес қосу. Сол жолда мұнай өндіруі көрсеткіштерін одан әрі арттыру, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында табандылықпен, қажырлылықпен еңбек ету» – дейді Баян апай.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: