Главная Новости Жетібайда жаңа электр станциясы іске қосылды
01 наурыз 2023, 10:24 1628

Жетібайда жаңа электр станциясы іске қосылды

Жетібайда жаңа электр станциясы іске қосылды

Жетібай кенорнында мұнайды айыру және өткізу цехының учаскесінде қуаты 2х4000кВА ПС-35/6кВ жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді.

«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы бойынша мұнай өндіру мен дайындау көлемінің ұлғаюына байланысты электр қуатының тапшылығы мәселесі өткір көтеріліп келгенін айта кеткен жөн. Қолданыстағы электрмен жабдықтау схемасы МАӨК-тің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырмады. Осы жағдайларды ескере отырып, Қоғам Басқармасы Жетібай кенорнында жаңа электр станциясын салу туралы шешім қабылдады.

«Осы жобаны іске асыруға қатысқан КҚД, компанияның бас энергетигі, сервистік компаниялардың басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді, – деп атап өтті «Жетібаймұнайгаз» ӨБ бас энергетигі Қосмұрат Әбуов. – Бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесінде біз цехты электрмен жабдықтауда үзіліссіз және тиісінше өндірістік процесті бұзбай монтаждау мен баптауға қол жеткіздік».

Жаңа қоректендіру орталығы – МАӨЦ кешенін электрмен жабдықтаудың қолданыстағы схемасын оңтайландыруға және энергия тапшылығы мәселесін шешіп қана қоймай, кенорнының дамуын жеделдетіп болашақта электр энергиясын тұтыну көлемінің ұлғаюына байланысты қуат резервін құруға жол ашады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: