Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты шаралар бастау алды. Жетібай мұнайшылары волейбол, шағын футбол, үстел теннисі және қазақша күрес сынды спорттың бірнеше түрінен өзара сайысқа түсіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар азаматтар қатары анықталатын болады.
Спорттық сайыстардың салтанатты ашылу рәсімі Жетібай кентіндегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Айта кету керек, бұл әлеуметтік нысан осыдан 10 жыл уақыт бұрын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қаржыландыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына тарту ретінде салынған болатын. Бүгінде мұнда ауылдық балалар бірнеше спорт түрінен қабылеттерін шыңдап, облыстық және республикалық сайыстарда топ жарып жүр.

Шара шымылдығы мемлекеттік әнұранмен ашылып, ақжарма тілектермен жалғасты. Компания басшылығы атынан сөз алған бас директордың әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерболат Сарсенов, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ бастығы Қалмұрза Бүркітов және жетібайлық қызметкерлер кәсіптік одағының төрағасы Бекес Құлмұрынов ойыншыларға сәттілік тілеп, адал да тартысты ойындар өтуіне тілектес екендіктерін жеткізді.
Желтоқсанның 6 күні бастау алған шағын футбол турниріне «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты түрлі цехтардың қызметкерлерінен құралған тоғыз команда қатысуға ниет білдірген. Алғашқы болып теңбіл доп сайысына №3 мұнай және газ өндіру цехы командасы мен мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына өндірістік қызмет көрсету цехы командасы түсіп, ойын қорытындысы бойынша №3 цех ойыншылары үздік атанды. Ертең, 8 желтоқсан күні осындай шара Қаламқас кенорнында да бастау алады.
Бұдан бөлек, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар жоспары аясында филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Омар Жәлелұлының жетібайлық мұнайшылар шығармашылық кездесуі өтті.

Омар Жәлелұлы оқырман қауымға «Харекет», «Жақсы», «Махаббатсыз дүние – дос» атты кітаптарымен танымал. Автор өз шығармаларында еңбек құндылығы, үздіксіз даму, қазақ дәстүрлері мен оардың тұлғалық дамуға деген оң ықпалы секілді өзекті тақырыптарды талқылайды. Кітаптар негізінен Абай, Шәкерім, Мәшһүр Жүсіп, Шал ақын сынды қазақ әдебиеті ғұламаларының шығармаларынан бастау алып, сол кездегі қазақ қоғамының дамуына арқау болған мәселелермен өрбиді. Мұнайшылармен өткен кездесудің де тақырыбы осы бағытта «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең – істің бәрі бос» деп қойылып, қоғам тыныштығы, ынтымақтастық, еңбексүйгіштік желісімен тарқатылды. Дәл осындай кездесу сол күні кешке Қаламқас кенорнында да өтті.
238
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!