Главная Новости Жетібайдағы мерейлі күн
31 тамыз 2023, 11:00 1398

Жетібайдағы мерейлі күн

Жетібайдағы мерейлі күн

Өндірісті өлкемізде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 60-жылдығымен қатар мұнайшылар мерекесі кең көлемде тойланды. Осынау мерейлі мейрам өркениетті өзгертіп, тұрмысымызды түзеген шикізаттың шежіресі бастау алған Жетібайда атап өтілді. Маңғыстау мұнайшыларының мерекесі толассыз құттықтау лебіздер мен игі шараларға, құрмет-қошеметке толды.

Салтанатты жиында Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Ақтаудағы өкілдігінің департамент директоры Аманғали Нұрдаулетов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев, және компания кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәди Кентанов құттықтау сөз сөйледі. Ақжарма тілектер айтылып, құттықтау лебіздер толастағаннан кейін ел ырыздығын еселеуде жемісті еңбек еткен бірқатар еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Екпінді еңбек тынысын толастатпай, кенорнында өндірістің қазанын бұрқ-сарқ қайнатып жүрген мұнайшыларға Басқарманың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 60-жылдық мерекелік медалі табысталды. Бұл күні қазақша күрес, арқан тартыс сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Мерейлі мерекеге арналған концерт кешкісін Жетібай ауылының орталығындағы алаңда өтті. Ұйымдастырушылар ауыл тұрғындарына нағыз ән шашуы маржандай төгілген мерекелі кеш сыйлады. Сахнада ҚР өнер қайраткері, ақын, сазгер Елена Әбдіхалықова мен Жұбаныш Жексенұлының құлақ құрышын қандырар әдемі үні де көңілді кештің көркін ашты. Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Ерке Есмахан, Ұланғасыр Қами мен Райм Жетібай жұртшылығына ұмытылмастай әсер сыйлады. Салтанатты кеш санаулы уақытқа сыйғанмен, алған әсер, шалқыған көңілдің желігі жылдар бойына жылы естелік боп қалатыны сөзсіз.

Өткенсіз бүгін жоқ. Қас-қағым уақытпен дөңгелеп 60 жыл да өте шықты. Көңілге демеу - кейінде айта жүрер жақсы іс, өшпес қолтаңба қалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: