Главная Новости Жетібайлықтар тәулігіне 42 мың текше метр мұнай өндіруді көздейді
19 сәуір 2022, 09:55 3487

Жетібайлықтар тәулігіне 42 мың текше метр мұнай өндіруді көздейді

Жетібайлықтар тәулігіне 42 мың текше метр мұнай өндіруді көздейді

Өндірістік нысандарды жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыруға жол ашады. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Жетібай кенорнында мұнай айыру және өткізу цехын қайта құру – өндірісті табысты жаңалаудың тиімді тәсілі екенін дәлелдей түсуде. Соңғы жылдардағы ең ауқымды жобалардың бірі бірінші кезеңін сәтті аяқтады.

Мұнай айыру және өткізу цехы – кәсіпорынның негізгі өндірістік нысандарының бірі. Мұнда Жетібай кенорнының ұңғымаларынан өндірілген барлық өнім құбыр арқылы келіп, жиналады. Аталған цехтың құрамына соңғы бөлу қондырғысы, мұнай жылыту пештері, тұндырғыштар тобы, резервуар паркі және тағы басқа нысандар кіреді.

Жетібай кенорнындағы МАӨЦ 1976 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда өткен ғасырдың 1970-1980 жылдары қолданылған технологиялар әбден ескірген. Осыған байланысты өндірісті жетілдіру және жаңарту қажеттілігі күн тәртібінен түспей келді. Осы орайда 2002-2005 және 2007-2010 жылдары МАӨЦ-да мұнай айыру және тапсыру бойынша қосымша жабдықтар (РВС, пештер, сорғылар және тағы басқа) монтаждалып, ағымдағы жұмыстар жасалы келді. Алайда күрделі жөндеу жүргізілмеді.

Бұл мәселені шешу үшін 2011 жылы МАӨЦ-ны қайта құру жобасын әзірлеу басталды. 2014 жылы «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ институты Дацин институтымен (ҚХР) бірлесіп МАӨЦ-ны қайта құрудың жаңа жобасын әзірледі. Алайда, сол кезде орын алған кейбір жағдайларға байланысты бұл бағыттағы жұмыстар тоқтап қалған болатын.

2018 жылы жобаға деген қызығушылық қайта жанданып, нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ЖШС көмегімен сәтті аяқталды: 2019 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

2020 жылы МАӨЦ алаңында дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстары, атап айтқанда, электр берудің әуе желілерін демонтаждау, қолданыстағы жылыту пештерін электрмен жабдықтау үшін кабельдік эстакадаларды ауыстыру, салынып жатқан нысандар үшін алаңды дайындау, топырақты әзірлеу және іргетас салу секілді маңызды дайындық жұмыстары белсенді жүргізілді.  

2021 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесіне тапсырылатын тауарлық мұнайды айыру және өткізу сапасын жақсарту мақсатында «Жетібай кен орнының МАӨЦ қайта жаңарту» жобасы түзетіліп, нәтижесінде 1-кезеңге жобаланған құрылыстарды екі іске қосу кешеніне бөлу және үш дана ОГ-200 тұндырғыштарын бірінші кезекте пайдалануға беру туралы кесім жасалды.

Бүгінгі таңда МАӨЦ қайта құру жобасы аясында бірінші іске қосу кешенінің құрылысы толығымен аяқталды: атап айтқанда, 3 көлденең тұндырғыш алаңын монтаждау, шлам тұндырғышын монтаждау, алаңішілік және алаңаралық болат құбырларын монтаждау, ысырмаларды, кабельдік эстакадаларды монтаждау, мұнай қыздыру пештерін автоматтандыру жүйелерін монтаждау жүргізілді.

«Орасан зор іс атқарылды, тиімді нәтиже болады деп күтеміз, қазіргі уақытта МАӨЦ-да сұйықтық өндіру көлемі тәулігіне 25 мың текше метрден асады, қайта жаңарту объектінің өнімділігін тәулігіне 42 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді, – дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ күрделі құрылыс департаменті директорының орынбасары Қажымұхан Жоланбаев. – Бұдан басқа, аталған нысанды жаңарту мұнайды айыру мен өткізу сапасын жақсартуға мол мүмкіндік беріп қана қоймай, мұнай өндіруді және тапсыру тоқтату тәуекелін азайтады, өндіріс резервін қалыптастырады. Алда әлі де үлкен міндеттер тұр: №2 іске қосу кешенін сапалы әрі мерзімінде іске қосумен қатар Жетібай кенорнының МАӨЦ қайта құру жобасын толық аяқтау қажет».

Екінші іске қосу кешенінің құрылысы аясында 2023 жылдың соңына дейін тағы екі көлденең тұндырғышты, дренажды сыйымдылықтарды, қосалқы станциялардың жаңа модульдерін, мұнайды есепке алу торабын, механикалық қоспаларды аулау блогын, жылу алмастырғышты, электродегидраторды, блокты-сорғы станциясын монтаждау, жаңа әкімшілік-тұрмыстық корпусты аяқтау жоспарлануда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: